08 Ақпан, 2017

Сенаторлар сапары сенімнен шығуда

183 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бейсенбаев пен сенатор Әли Бектаев Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапармен болды. Сенаторлар Созақ ауданында болып, аудандық мәслихат депутаттарымен, ардагерлермен және жастар ұйымдарының, шағын және орта бизнестің өкілдерімен, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерімен кездесті. А.Бейсенбаев жұртшылықты Президент Н.Назарбаевтың конституциялық реформалар туралы айтқан бастамасы туралы хабардар етті. Сенатор Үкі­метті жасақтаудағы және оның қызметін бақылаудағы Парла­мент рөлін күшейту туралы айта келіп, Қазақстанның сая­си жүйесі «мықты Президент, бе­делді Парламент, есепті Үкі­мет» тұжырымдамасына негіз­де­леті­нін атап өтті. Сенатор Әли Бектаев Мем­лекет басшысының «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жа­һан­дық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауынан туындайтын мін­дет­терге орай экономикасы өр­кендеген және алдыңғы қатар­дағы 30 елдің қатарына ену жөнін­дегі бес басымдық туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Депутаттар Бәйдібек және Оты­рар аудандарында да болып, Арыс және Кентау қалаларына атта­нып кетті. * * * Сенат депутаттары Мұхтар Алтынбаев, Икрам Адырбеков және Ләззат Қиынов Алматы қаласында еліміздің Қарулы Күштері Аэромобильді әскерінің басшылығымен және жеке құрамымен кездесті. Шара барысында билік тар­мақтары арасындағы өкілет­тік­терді қайта бөлу жөніндегі реформалар, сондай-ақ, Мемлекет бас­шысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабілеттілік» халыққа Жол­дауының негізгі міндеттері тал­қы­ланды. Сенатор М.Алтынбаев Үкі­метті жасақтау және оның қыз­метін бақылаудағы Парламент рөлі­­нің күшеюі, сондай-ақ, билік тар­мақтары өкілеттіктерін қайта бөлу туралы әскери қызмет­кер­лерді хабардар етті. Одан бас­қа, Президент Жолдауындағы бес басымдық пен кешенді мін­дет­терді іске асыру барысы талқы­ланды. Әскери қызметкерлер Мем­лекет басшысының стратегиялық жоспарларына қолдау білдіріп, Президент бастамалары мен әс­кери қызмет мәселелеріне қа­тысты сенаторларға бірқатар сауалдар қойды. * * * Парламент Сенатының депутаты С.Ершов Теміртау қаласына жасаған жұмыс сапары кезінде елімізді жаңғыртуды нәтижелі жүзеге асыру және одан әрі демократияландыру үшін бірінші кезекте қоғамның ауқымды қолдауының, сондай-ақ, мемлекет пен қоғамның күш біріктіруінің қажет екендігін атап өтті. Сенатор «Арселор Мит­тал Те­міртау» АҚ еңбек ұжымы­мен, мәс­лихат депутаттарымен, мем­­лекеттік органдар және бюд­жеттік ұйымдардың қыз­мет­­кер­лерімен, «Әлем» балалар мен жас­тар орталығының қызмет­кер­­­лерімен, сондай-ақ, жас­тар ұйым­­дарының өкілдерімен кез­десті. Кездесу барысында билік тар­­мақтары арасындағы өкілет­тіктерді қайта бөлу жөніндегі алдағы реформалар, Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаң­ғы­руы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының басты бағыттары талқыланды. С.Ершов Үкіметті жа­сақ­тау мен оның қызметін бақы­лау­­дағы Парламенттің рөлі ұл­ғая­тындығы, Парламент пен Үкі­­метке Президенттің қандай өкілеттілігі берілетіні, жергілікті мем­лекеттік басқару және өзін өзі басқару органдары қызметінің құ­қықтық негіздерін одан әрі же­тілдіру жайында жан-жақты айтып берді. Сонымен қатар, Пре­зи­дент Жолдауының бес негізгі ба­сым­дықтары мен алда тұрған кешенді міндеттер де талқыланды. * * * Парламент Сенатының депутаты Ерболат Мұқаев Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телеком­муни­кациялық жүйелер университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті. Сенатор кездесу барысында билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы реформалар мен Мемлекет бас­шысының «Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басым міндеттерді түсіндіруге орай әңгіме өткізді. Президент Жолдауындағы бес не­гізгі басымдықты талқы­лай келіп, сенатор елімізді жаң­­ғырту және одан әрі демо­кра­тияландыру үшін ең алды­мен ауқымды қоғам­дық қолдау және мемлекет пен қоғам­ның күш-жігерін біріктіру қажет екенін атап өтті. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің профессорлық-оқы­тушылар құрамы мен студент­тер қауымы қолға алынған рефор­малардың маңыздылығы мен уа­қытында жүзеге асып жатқанын атап өтті. * * * Сенат депутаттары Ертарғын Астаев пен Мұратбай Жолдасбаев Жамбыл облысында жұмыс бабындағы сапарда болды. Сенаторлар Қордай ауданындағы Отар және Қарасай ауылдарында кездесулер өткізіп, ауыл тұрғындарына билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі реформалардың маңызын түсіндірді. Сондай-ақ, Мемлекет басшы­сының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жол­дауынан туындайтын басым міндеттер туралы хабардар етті. Депутаттар конституциялық реформаларды заңнамалық тұрғыда қолдау, Парламенттің заң шығару қызметі жөніндегі жоспарлары туралы әңгімеледі. Е.Астаев өз сөзінде елімізді одан әрі жаңғыртудағы, жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқаруды дамытудағы алдағы міндеттерге тоқталды. Аймақты әлеуметтік дамыту жә­не инновациялық экономиканы қалыптастыру жөніндегі мін­дет­терге баса назар аударылды. Сенаторлар Жамбыл ауда­нын­дағы Аса ауылында аудан активімен кездесті. Талқылау бары­сында жария етілген бағдар­ламалық құжаттың маңыздылығы атап өтілді. Кездесуде Сенат депутаты М.Жолдасбаев Президенттің Жолдауы Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену жөніндегі міндеттерді орындауды көздейтінін атап өтті. * * * Парламент Сенатының депутаты Серік Жақсыбеков Астана қаласында кездесулер өткізді. «Astana Solar» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесіп, Президент Н.Назарбаевтың конституциялық реформалар жөніндегі Үндеуін түсіндірді. Сондай-ақ, көпшілікпен Мем­­лекет басшысының «Қазақ­станның Үшінші жаңғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты халық­қа Жол­дауының ереже­лерін тал­қылады. Бұл кәсіпорын елі­мізде алғаш рет отандық крем­ний не­гізінде фотоэлектр тақта­ларын өндіруді қолға алған болатын. Сенатор С.Жақсыбеков «Ас­та­на­энергосервис» АҚ-та да болды. Онда еңбек ұжымы Мемле­кет басшысының стратегиялық бас­­тамаларымен жақсы таныс еке­нін көрсетіп, оны талқылауда бел­сенділік танытты. Депутат Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық универси­те­тінде өткен дөңгелек үстел оты­рысына қатысты. Мемлекеттік билік жүйесін реформалау, оның ішінде Президент өкілеттіктерін қайта бөлу мен Үкіметтің қызметін бақылау жөніндегі Парламенттің рөлін күшейту туралы мәселелер талқыға салынды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.