08 Ақпан, 2017

«Универсиаданы жақсы ұйымдастырдыңыздар»

365 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
XXVIII Дүние­жүзілік қысқы Уни­версиада жары­сын қада­ға­лауға әлем­­дік спорт феде­ра­ция­­лары­ның өкілдері де ат­салыс­ты. Себебі, түсінікті – сайыс әділ өтуі керек. Сондай мақсатпен шорт-трек бойын­ша Халық­аралық коньки­шілер ода­ғы­ның (ISU) ресми өкілі Стойчо Стойчев те Алматыға арнайы келді. Бол­гария­­л­ық маман бізге берген сұхбатында Уни­вер­сиадада талап барлығына бірдей бол­ғанын тілге тиек етіп, сонымен қатар, Қазақ­стан спортшыларының деңгейі туралы пікір білдірді. «Мен Қазақ елін қысқы Уни­вер­сиаданы жоғары деңгейде ұйым­дастыра алғанымен құт­тық­тай­мын, – деп бастады әңгі­ме­сін С.Стойчев. – Бұл сөз жоқ сіздер үшін үлкен абырой. Мен ISU-дің өкілі ретінде Олимпиада ойын­дарына, Универсиада жарыс­тарына талай рет бар­дым. Көп дүниені көзіммен көр­дім. Сон­дықтан ұйымдас­тыру жағынан сіздер ешкім­нен кем түспедіңіздер деп толық сеніммен айта аламын. Сайыс­қа келсек, барлығы ереже бойын­ша өтті. Қателік жасағандар жарыс­тан шығарылды. Себебі, талап спортшыларға бірдей қойы­лады. Бұл жерде өздеріңіз көр­ген­дей, Қазақстан тарапынан да жазаланғандар болды». «Бүгінде конькишілеріңіз жақсы нәтиже көрсетіп келеді, – деп сөзін жалғастырды мәрте­белі мейман. – 2014 жылы Сочи Олим­пиадасында үздік бестік­ке кіріп, мамандардан оң баға алған­д­ары­ңызды білеміз. Соңғы екі жыл­да Қазақстан Нидерланд елі­нің конькишілерімен тығыз бай­ланыс орнатты. Нәтижесінде, АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қала­сында өт­кен Әлем кубогы жары­сында Аб­зал Әжіғалиев 500 метр қысқа қа­шықтықта жеңім­паз атанды. Енді, міне спорт­шыларыңыз кү­міс және қола медаль алып, қыс­қы Уни­вер­сиаданың жүлдегерлері атанды. Дегенмен, сіздерге қыздар құра­ма­сының да деңгейін көтеру қа­жет. Бүгінде жоғары нәтиже көр­сетіп жүр­ген Нидерланд, Оңтүс­­тік Ко­рея секілді елдердің бағ­дар­­ла­ма­­сы бойынша жаттығу керек. Тіп­ті, сол елдің білікті маман­да­рын шақыр­­саңыздар да артық­тық етпейді». Жазып алған Алмас МАНАП, «Егемен Қазақстан»