Семейде жаңадан ашылған Спорт академиясының құрамына қаладағы балалар мен жасөсіпірімдер спорт мектебі және жекпе-жек түрлеріне арналған залы бар интернат кірді.
200 балаға шақталған, ішінде асханасы мен күрес залдары бар интернаттың құрылысы 2015 жылы басталған болатын. Нысан қаладағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан орын тепкен. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, үш нысанның басы біріктіріліп, Спорт академиясын құру туралы шешім қабылданды.
Спорт академиясының ашылу салтанатында балғын спортшыларды Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Аметов пен Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова құттықтады.
– Академия спортты сүйген жасөспірімдер үшін үлкен мүмкіндік екендігі сөзсіз. Осыған дейін облысымыздың шалғай жатқан ауылдарындағы жасөспірімдер үшін қалаға келіп, шеберліктерін шыңдауға жағдай болмаған еді. Енді дарынды балақайлар осы спорт интернатында оқып, білім алып, спортпен айналысып, байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайтын болады. Барлықтарыңызды осы қуаныштарыңызбен құттықтаймын! – деді Ольга Рыпакова.
Нысанның құрылысы «Парыз» қайырымдылық қорының демеушілігімен жүзеге асқан. Спорт академиясының директоры Мерейғалы Қошқыновтың айтуынша, академияға облыстың ауыл-аймақтарынан дарынды балалар іріктеліп алынып, дзюдо, самбо, грек-рим және еркін күрес сынды спорт түрлерімен шұғылданатын болады. Ал оқу-жаттығу жұмыстарын Ресей, Моңғолия, Әзербайжан елдерінен келген білікті бапкерлер жүргізбек.
Облыс басшысы осы спорт академиясына «Семей» атауын беруді де ұсынды. Бұл ұсынысты халық қызу қолдады.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,
журналист
СЕМЕЙ

Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Кеше