08 Ақпан, 2017

ҚР Президентінің Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлығы

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы
 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар  Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып  өзгертілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                   Н.Назарбаев   Астана, Ақорда, 2017 жылғы 6 ақпан № 418 Жарлықтың қосымшасын мына жерден қараңыз