08 Ақпан, 2017

Универсиада Алматыдағы жалдамалы үй нарығына қалай әсер етті?

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Универсиада кезінде, 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында, Алматыда жалдамалы пәтер іздеушілер саны 37 мыңнан асты, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 12 пайызға артық, деп жазады krisha.kz. Сарапшылардың пікірінше, бұл көрсеткіш әдеттегі жағдайдан айтарлықтай жоғары емес. Сонымен қатар, пәтер іздеушілердің басым бөлігі Универсиада нысандарынан алыс аймақтар, атап айтар болсақ, Жароков, Мұстафин, Розыбакиев, Фурманов көшелерінен іздеген. Бұдан шығатын қорытынды, Универсиада Алматыдағы жалдамалы пәтер нарығына әсер етпеген. Мамандардың пікірінше, Алматыдағы жалдамалы үйге деген сұраныс жаз бен күздің басында көбейеді. Соның ішінде тамыз айында халық ЖОО орналасқан маңайдан көбірек қарайды. Оған қоса, нарықтағы бағада да ешқандай өзгеріс болмаған. Бұрынғыша, пәтер бағасы орташа есеппен 7-10 мың теңге аралығында құбылды.