09 Ақпан, 2017

Жаңа міндеттер жаңа жауапкершілік жүктейді

323 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Біз өз тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында елдігіміз бен бірлігімізге, тіпті мемлекеттілігімізге сын болған талай күрделі де қиын кезеңдерді бастан өткердік. Қазақ елінің тәуелсіздігін алған өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының соңғы он жылы біздің мемлекет болып қалыптасуымыздың ең бір ауыр да тағдыршешті кезеңі еді. Өйткені, кеңестік жүйеден бізге экономиканың ыңыршағы шығып, жұмыссыздық жайлап, әбден тұралап қалған өндірістер мен шаруашылықтар ғана қалғандығы әлі де есімізде. Міне, тарихтың осындай аса бір күрделі кезеңінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның өзіндік даму жолын, нарықтық экономиканы таңдап, соны қалыптастырып, еліміздің алдына тың да жаңа міндеттер қоя білді. Соның нәти­жесінде бүгінде Қазақстанның эко­но­ми­калық өрлеу мен саяси аренада жар­қырап жанған жұлдызын көреміз де, соған сүйсінеміз. «Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезе­ңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақ­тан тұта­мыз. Табыстарымыз бен жетіс­тіктері­міз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жыл­­дық ме­рейтойында атап өттік. Ола­р­ды бүкіл әлем біледі және жоға­ры ба­ға­лайды», дей келіп, Елбасы «Қазақ­стан­ның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе­кеге қабі­леттілік» атты Қазақстан хал­қы­на арнаған биылғы Жолдауында өте орын­ды атап көрсетті. Қазақстанның Үшінші жаңғыруының біздің бүгініміз бен болашағымыз үшін зор маңызы бар. Ел тағдыры мен мемлекет тағдырының тағы бір ай­қын­­далар кезеңі бұл. Елбасының өз Жол­­дауында: «Әлем қарқынды түрде өз­ге­ріп келеді. Бұл – жаңа жаһандық бол­мыс, оны біз қабылдауға тиіспіз. Бо­ла­шағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қар­сы тұра алатын халық қана жеңіс­ке жетеді. Әлемде кезекті, Төртінші өнер­кәсіптік революция басталды», деп кірпік қақпастан ізденіп, дамып бара жатқан бүгінгі өркениеттің шаңын қауып қалмасымыз үшін айтып отырған осы бір ауыз сөзінде Қазақстанның бола­шағына деген шынайы жанашырлық жатқандығын танимыз. Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуына тың серпін беретін жаңа бағыт-бағдар ұсынып, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы еліміздің экономика­лық дамуының инновациялық өзегі­не айна­лып, ол біздің бәсекеге қабілетті­л­ігі­­міз­ді арттыруға тиісті екендігін мін­дет­­теп отыр. «Біз цифрлық техноло­гия­­лар­­ға негізделген болашағы зор бағыт­­­тар­ға айрықша мән беретін бола­мыз. Ал білім беру, денсаулық сақтау, ха­лық­­­­ты әлеуметтік қорғау және баспа­на­­­мен қам­та­масыз ету сияқты маңызды сала­­­­лар қашанда басты назарда қала бер­­мек», деген Елбасының Жолдауын тереңі­­нен зерделейтін болсақ, бұл стра­­­те­­гия­­лық құжатта елдің жаңа кезең­­­дегі әрі қарай­­ғы дамуының жаңа көз­­қарасы және әлемдегі технология­лық дәстүрді түбе­­гей­лі өзгерту экономикалық өсімнің жаңа моделі­не өту талаптары жан-жақ­ты сараланады. Қазақстанның Үшінші жаңғыру ке­зеңі­нің негізгі міндеті – еліміздің жаңа жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қам­тамасыз ету, экономиканы техноло­гия­­лық жағынан жедел жаңарту. Осы орайда, Елбасының Үкіметке қазір­гі сын-қатерлерге жауап ретінде «Қа­зақ­станның ұлттық технологиялық бас­та­масы» деген атпен елді Үшінші жаңғыру бойынша Дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарын жасауды тапсырып отыр. Алдағы уақытта Ел­басы ұсынған Бес институттық ре­фор­маны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жос­парының маңызы айырықша екендігі дау тудырмайтын мәселенің бірі. Ұлт жоспары Үшінші жаңғырудың шешуші басымдықтарының бірі болып қала беретіндігі Жолдауда анық та ашық атап көрсетілген. Биылғы Жолдауда Елбасы жаһан­ның жаңа жаңғыру ерекшелігін еске­ріп, Қазақстанның алдына бес басым­дық­пен ерекшеленген негізгі де өзекті мәс­е­лелерді алға тартады. Бұл орай­да, Жол­дауда: «Аграрлық сектор эконо­ми­к­а­ның жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агроөнеркәсіп ке­шені­нің болашағы зор. Көптеген пози­ция­лар бойынша біз әлемде ірі аг­рар­лық экспорттық өнім өндіруші­лер­дің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, эко­ло­гия­лық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнім­­де­р­дің эталоны болуға тиіс», деп атап көр­сетілуі ежелден ауыл шаруа­шы­лы­ғы саласының даңқты жолын енді жа­һан­дық жаңғыру үдерісіне қосу­­дың тың міндеттері айтылады. Әсіре­­се, Елбасы Қазақстанның астық өнім­­дерін өндіру бойынша Еуразияда «нан кәр­зең­кесі» болу керектігін айта отырып, халық­аралық нарықтарда бәсекеге қабі­лет­тілікті ұстап тұру үшін шикізат өнді­рісі­нен сапалы өңделген өнім шығаруға көшуге қажеттілікті алға тартуы арқылы бүгінгі агросекторды эконо­миканың та­быс­ты саласына айнал­дырудың бірден-бір жолы екендігін нақтылайды. Біз бұл міндеттерді жедел шешуге тиіспіз. Өйткені, Қазақстанның агросек­торын бүгінгі заманның талабына сай дамыту арқылы, біз ең әуелі өз еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз. Сонымен бірге, жыл сайын әлемде ауыл шаруашылығы өнімдеріне, соның ішінде әлемнің дамыған елдері бойынша, әсіресе, экологиялық таза тағам түрлері бойынша сұраныстың өсе түсуі кезеңінде әлемдік рыноктан өзі­міздің алып отырған орнымызды одан әрі кеңейте беруіміз керек. Халықаралық сарапшылардың пайым­дауларынша, Қазақстан әлем­де ауыл шаруашылығын жаңа тех­нология бойынша дамытудың зор мүм­­кін­діктері бар елдердің бірі болып табы­лады. Біз ең әуелі мал және өсімдік шаруа­шылығын жүргізудің әлемдік тәжірибесін меңгеруге тиіспіз. Әсіресе, мал шаруашылығы өндірісінің көлемін арттырып, осы саланың тиімділігін жақсарту үшін Үкімет жемшөп өндірі­сін, соның ішінде құрамажем өндірісін алдағы уақытта 1,3 миллион тоннаға жет­кізуді қолға алғалы отыр. Бұл еліміз­дегі құрамажем өндірістерінің қуатын қазіргі 48 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды міндет, алдағы кезеңде 2 мил­лион гектардан астам егістікті әрта­рап­тан­дыру арқылы қазіргі уақытта әлем­дік рынокта зор сұранысқа ие болып отырған майлы дақылдардың түр-түрі­нің алқаптары ұлғайтылатын болады. Ауыл шаруашылығын әртараптан­ды­рып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауа­ры экспортын 40 пайызға ұлғайту жө­нін­дегі Елбасының тапсырмасын орын­­дауға Қазақстанда толық жағ­дай бар. Жол­дауда айтылған бұл міндетті ойда­ғы­­дай жүзеге асыру үшін ең әуелі ныса­­н­алы экспорттық сая­сат қалыптас­ты­рыл­­мақ­шы. Соған орай, «Азық-түлік кор­­­п­о­ра­циясы» акционер­лік қоғамының баз­а­­­­сында агоөнеркәсіп кешенінің экс­порт­­­­тық ор­талығын құру қолға алы­нып, сол бо­йын­­ша экс­порт­тық жүйе­лер­­ді құру­­­мен бірге, қазақ­ста­ндық өнім­дер­ді ө­т­­кізу­­­дің жол кар­тасы жасала­ды. М­ұ­ның өзі ауыл шаруашы­лығы өнім­дерін сырт­­­қы сау­даға шығару­ға жаңа сер­пін берері анық. Елбасының биылғы Жолдауының тарихи ерекшелігі сол, бұл құжатта Қазақ­­стан дамуының ұзақ мерзімді мақсат­­тары нақтылы анықталып, жаһан­дық өркендеудің осы заманғы және бола­­­шақ­тағы алға тартар мінезі мен бол­­жам­ды міндеттері де айқын көрініс тауып отыр. Сөйтіп, биылғы Жолдау­да ай­тыл­ған жайларды терең зерде­леп, осын­дағы міндеттерді жүзеге асыра білсек қана Мем­лекет басшы­сы­ның 2012 жылы халық­қа ұсынған «Қазақ­стан-2050» Стра­те­гия­сының негізгі мақ­саты – әлем­де­гі аса дамыған 30 елдің қата­рына енуі­міз­д­і қамтамасыз ете аларымыз анық. Аңсар МҰСАХАНОВ, Парламент Сенатының депутаты