Кәсіпқой бокста есімі бүкіл әлемге тараған қазақстандық боксшы Марат Мәзімбаев Жанат Жақиянов пен Роуши Уоррен арасындағы жекпе-жек жайлы пікірін білдірді. Бұл туралы vesti.kz хабарлады.
«Жанат АҚШ жерінде өзін жақсы қырынан көрсететін мүмкіндік туды. Егер осы титулдық кездесуді жеңсе, үлкен жекпе-жектерге жол ашады. Мұндай сәттер өмірде бір-ақ рет беріледі және оны тиімді қолдана білу керек. Әрине, қарсыласы өте мықты. Уорреннің әуесқой бокста тәжірибесі өте мол. Кәсіпқой бокста әлем чемпионы атану оңай жұмыс емес. Енді барлығы Жанаттың қолында, дайындығына байланысты. Бұл бокс, мұнда барлығы да болады. Бір соққы кездесудің қорытындысын шешіп жіберуі мүмкін. Жанаттың тілеуін тілеп, жанкүйер болып отырамыз», – деді Мәзімбаев.
«Өз басым Жанатты жақсы білемін. Промоутерлік қызметпен айналысып жүргенімде бокс кештерінде шаршы алаңға шығып жүрген. Бұл кездесуін де жеңіспен аяқтаса қатты қуанар едім. Ол психологиялық тұрғыдан өте мықты адам, соққысы ауыр. Кәсіпқой боксшы үшін керектің барлығы бар. Жанатқа жақсы дайындық керек. Ол Уорреннің туған жерінде жұдырықтаспақшы. Егер тең түсіп жатса, жеңісті оның қарсыласына беріп жіберуі әбден мүмкін. Осал тұстарын байқаған бойда, сол жеріне соққыларын қарша боратуы керек. Хас батырға тән бокс көрсетіп, жеңіске жетеді деген үміттемін», – деді атақты боксшы.
Айта кетейік, қос боксшының арасындағы айқас 10 ақпанда АҚШ-та (Астана уақытымен 11 ақпанның таңғы уақытында) өтеді.
• 10 Ақпан, 2017
Марат Мәзімбаев: Жақиянов Уорренді жеңеді деп үміттенемін

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12