11 Ақпан, 2017

Астанада "Әдебиет порталының" жаңа нұсқасы таныстырылды

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Астана қаласындағы Назарбаев университетінің конференц залында «Әдебиет порталы» интернет-жобасы жаңа нұсқасының таныстырылымы өтті. Іс-шарада Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, жазушы Төлен Әбдік, ақындар Қалқаман Сарин, Қанат Омаров және басқа да шығармашылық адамдары сөз сөйлеп, тұңғыш ғаламторлық әдеби жобаға сәттілік тіледі. Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты «Қазконтент» АҚ «Әдеби порталы» - замануи ақпараттық технология жетістігін пайдалана отырып, қазақ әдебиетін насихаттау, оқырмандар мен қаламгерлер арасындағы әдеби байланысты жандандыру, түрлі шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру жүзеге асырып отырған Орта Азия кеңістігіндегі тұңғыш ғаламторлық бірегей әдеби жоба. "Бұл әдеби порталдың мүмкіндігі өте көп. Технологияның соңғы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тек жазба түрінде ғана емес, оқырмандарға аудио, бейне жазбалар арқылы да қызмет етеді. Елдің руханиятын дамытуға ат салысып жатқан мұндай порталдарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде", - дейді Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев. Дәл қазір әдеби портал қорында 5 мыңға жуық электрондық кітап бар. Және тағы бір айтары, бұл порталға кез-келген ақын-жазушылар өз еңбектерін салып, әлеуметтік желі ретінде пайдаланып, өз оқырмандарымен байланыса алады. Оралхан ДӘУІТ, "Егемен Қазақстан"
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша ер мұғалім бар?

Қазақстан • Бүгін, 10:10

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024