10 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы №14-1/245

271 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін
2011 жылғы  6 мамыр,   Астана қаласы «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін. 2. Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Омаров. Ж.Ы) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр А. МАМЫТБЕКОВ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2011 жылғы 6 мамырдағы №14-1/245 «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» бұйрығына анықтама-негіздеме р/с    Көрсетiлуi тиiс мәлiметтердiң тiзбесi    Мемлекеттiк органның ақпараты 1.    Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі. 2.    Нормативтiк құқықтық актiнiң тиiстi нормасына сүйене отырып, нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгi (мемлекеттiк органның құзыретi)    «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына және 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 3.    Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiзi (нақты мақсаттары, себептерi және акт неге байланысты қабылданды)     «Бюджеттік процестерді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру бойынша шаралар туралы» 2010 жылғы № 74-ө Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің 31 тармағын орындау үшін, мемлекеттік қызметті көрсету Стандартын сақтауды қамтамасыз ету, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің – зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру бойынша нәтижеге қол жеткізу. 4.    Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға байланысты олардың өзгергенi және толықтырылғаны немесе күшi жойылды деп танылғаны туралы мәлiметтер     Жоқ. 5.    Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттiк тiркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актiлердiң реквизиттерiн көрсете отырып заң сараптамасын өткiзбей керi қайтарылған нормативтiк құқықтық актiлер туралы мәлiметтер    Жоқ. 6.    Осы нормативтiк құқықтық акт республикалық немесе жергiлiктi бюджет шығыстарының көбеюiн немесе түсiмдердiң қысқаруын көздейме    Қарастырмайды. 7.    Нормативтiк құқықтық актiнi мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу туралы мәлiмет    Жоқ. 8.    Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәлiметтердi    www.minagri.gov.kz 9.    Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн қамтуы тиiс (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн)    Жоқ. Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу стратегиясы департаментінің директоры                    Ә. ЖЕҢІСОВ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің  2011 жылғы 6 мамырдағы №14-1/245 бұйрығымен бекітілген «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті 1.Жалпы ережелер 1. Осы «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабына сәйкес әзірленді. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) зоологиялық коллекция – жануарлар дүниесі объектілері тұлыптарының, жұмыртқаларының, криоконсервіленген жыныс клеткаларының, препараттары мен бөліктерінің, оның ішінде жабайы жануарлар зоопарктерінің, зообақтардың, цирктердің, зоологиялық питомниктердің, аквариумдердің, океанар­иумдердің ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік және эстетикалық құндылығы бар жинағы; 2) мемлекеттік қызмет көрсету– жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті жеке және заңды тұлғаларға беруі; 3) тұтынушы – мемлекеттік қызмет алуға құжаттарын ұсынған жеке немесе заңды тұлға. 2. «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет көрсету) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 5-кіреберіс және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 13-кіреберіс мекенжай бойынша көрсетеді. 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1413 бекітілген Зоологиялық коллекциялар жинау және оларды мемлекеттік есепке алу ережесіне (бұдан әрі - Ереже), Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 403 қаулысымен бекітілген «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес көрсетіледі. 5. Ережеге 2-қосымшамен бекітілген нысан бойынша Зоологиялық коллекцияны тiзiлiмге енгізу туралы куәлікті (қағаз тасығышта) беру немесе оны беруден жазбаша нысанда дәлелді бас тарту көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі болып табылады. 6. Мемлекетік қызмет көрсету барысында басқа органдардың қатысы қаралмаған. 2.Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар 7. Мемлекеттік қызметті көрсету және ұсынылатын құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz, Комитеттің – www.fhc.kz және www.fisher.minagri.kz интернет-ресурстарында орналасқан. 8. Мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ  уақыты - 30 (отыз) минут. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы ұсынылатын құжаттарды тапсырған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні. 9. Куәлік берген кезде сарапшы тұтынушыны Ережемен таныстырады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдап алуды бір маман жүзеге асырады. 11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың  11- тармағында айқындалған құжаттар тізімін ұсынады. 12. Тұтынушының ұсынылатын құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат тіркеу күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген талон болып табылады. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әрекет (өзара іс-әрекет) жазбасы 13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері: 1) қабылданып алынған құжаттарды Комитет кеңсесінің маманы қарайды және бақылауға алады; 2) тиісті дәрежеде тіркелген, ресімделген құжаттар Комитет төрағасына және одан кейін сарапшыға (орындаушыға) (бұдан әрі - сарапшы) беріледі; 3) сарапшы ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді, зоологиялық коллекциялар тізіліміне енгізілгендігі туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) береді, немесе дәлелді бас тарту әзірлейді; 4) ресімделген куәлікке Комитет төрағасы қол қояды және мөрмен растайды. Құжаттардың толық көлемде ұсынылмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады. 14.Ақпараттық қауіпсіздік талаптары қарастырылмаған. 15.Мемлекеттік қызмет көрсету барысында мынадай  құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі –ҚФБ) іске қосылған: 1) кеңсе маманы; 2) Комитет төрағасы, немесе оның орынындағы тұлға; 3) сарапшы (орындаушы). 16. Әрбір әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ әкімшілік іс-әрекеттерінің сабақтастығы мен өзара іс-әрекетінің (рәсімдерінің) кестелік мәтіндік сипаттамасы осы регламенттің  1- қосымшасында келтірілген. 17. Мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы әкімшілік іс-әрекеттердің қисындық сабақтастығы арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген. «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 1-қосымша Әкiмшiлiк іс-әрекеттердің (рәсімдердің) сабақтастығы мен өзара әрекеттестігінің кестелік мәтіндік сипаттамасы 1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер іс-әрекеттерінің сипаттамасы Негiзгi үдерiстiң (барысының, жұмыстар ағынының) іс-әрекеттері 1    Үдерiстiң (барысының, жұмыстар ағынының) іс-әрекеттерінің №     1    2    3    4    5 2    ҚФБ атауы    Кеңсе маманы    Комитет төрағасы    Сарапшы (орындаушы)    Комитет Төрағасы    Сарапшы (орындаушы) 3    Іс-әрекеттердің (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы    Өтiнiштi, құжаттарды қабылдау, көшірмлерді түпнұсқаларымен салыстыру, журналда тiркеу    Ұсынылған құжаттармен танысу    Ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделуін тексеру    Қаралған құжаттарымен таныстыру    Зоологиялық коллекцияны тiзiлiмге енгізу туралы куәлікті беру 4    Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкiмшiлiк шешiм)    Тіркеу күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген талон беру    Бұрыштама қою    Зоологиялық коллекцияны тiзiлiмге енгізу туралы куәлікті беру немесе дәлелді бас тартуды әзірлеу    Ресімделген құжатқа қол қою және мөрмен растау Тұтынушының куәлікті алғандығы жөнінде журналға қол қоюы 5    Орындалу мерзiмдерi    30 минут    1 күн    1 күн    1 күн    30 минут 2 -кесте. Пайдалану нұсқалары Негізгі үдеріс – мемлекеттік қызмет көрсету жөніне шешім бекітілген жағдайда Негiзгi үдерiс (барысы, жұмыстар ағыны) 1    2    3    4    5 Кеңсе маманы    Комитет Төрағасы    Сарапшы (орындаушы)    Комитет Төрағасы    Сарапшы (орындаушы) № 1 іс-әрекет Өтініштерді, құжаттарды қабылдайды, көшірмелерді түпнұсқаларымен салыстырады, тіркеу күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген талон береді (30 мин)    № 2 іс-әрекет Ұсынылған құжаттармен танысады, бұрыштама қояды (1 күн)    № 3 іс-әрекет Ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді, Зоологиялық коллекцияны тiзiлiмге енгізу туралы куәлікті береді, немесе дәлелді бас тартуды әзірлейді (1 күн)    № 4 іс-әрекет Ұсынылған құжаттармен танысады, ресімделген куәліке қол қояды және мөрмен растайды (1 күн) № 5 іс-әрекет (30 мин) Зоологиялық коллекцияны тiзiлiмге енгізу туралы куәлікті береді 3- кесте. Пайдалану нұсқалары Баламалы үдеріс –мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөнінде шешім бекітілген жағдайда Баламалы үдерiс (барысы, жұмыстар ағыны) Кеңсе маманы    Комитет төрағасы    Сарапшы (орындаушы) № 1 іс-әрекет Өтiнiштi, құжаттарды қабылдау,көшірмелерді түпнұсқаларымен салыстырады, тіркеу күні мен нөмірі және мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген талон береді (30 мин)    № 2 іс-әрекет Ұсынған құжаттармен таныстыру, бұрыштама қояды (1 күн) № 3 іс-әрекет Ұсынған құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді, дәлелді бас тартуды әзірлейді (1 күн) № 4 іс-әрекет Дәлелді бас тартуға қол қояды    № 5 іс-әрекет Дәлелді бас тарту береді «Зоологиялық коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу туралы куәлікті беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне 2-қосымша Әкімшілік іс-әрекеттердің қисындық сабақтастығы арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 16 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7017 болып енгізілді.