Беларусь астанасы Минск қаласында шорт-трек спортынан Әлем кубогының алтыншы кезеңінде қазақстандық шорт-трекшілер іріктеуден сүрінбей өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше іріктеу сайыстары өтті. Алғашқы күні ерлер мен әйелдер 1000 м, 1500 м, 500 м, 1000(2) м және эстафета сайыстары бойынша бақ сынады.
500 метрге қатысқан үш спортшымыз да финалдық кезеңдерге жолдама алды. Өз тобында Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша және Айдар Бекжанов үздік шығып, жалпы есепте көш бастады.
1000 метрде де үш бірдей спортшымыз (Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжіғалиев, Дениз Никиша) жүлдеге таласатын болады.
Өкінішке орай, 1500 метрде спортшыларымыз іріктеуден өте алмады. Бұл сынға ұлттық құрама бапкерлері жастарды қосуды жөн санаған. Одан бөлек ерлер құрамасы эстафетада іріктеуден сәтті өтті.
Қыздарымыз жоғарыда аталған қашықтықтар арасынан тек 1000 метрде ғана жақсы нәтиже көрсете алды. Крестова Анастасия мен Ким Йонг келесі кезеңге өтті. Эстафетада құрамамыз өз тобында үшінші орын алып, келесі кезеңге шыға алмады.
Бұған дейін бас бапкер Қарсыбеков: «Алматыда өткен Универсиада ойындарында 1 күміс және 3 қола медальмен шектелдік. Мақсатымыз бір алтын еді. Өкінішке қарай, сәттілік жолдас болмады. Енді осы әлем кубогында бар күш-жігерімізді жұмсап, алтын алуға тырысамыз», - деген болатын.
• 11 Ақпан, 2017
Әлем кубогында шорт-трекшілеріміз жүлдеге таласады

Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06