15 Наурыз, 2017

«Берекенің» құрылысы берекесіз болыпты

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Атырау облысында өт­кен жылы 284 нысан пай­далану­ға берілді. Оның ішінде 15 тұрғын үй бар. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақы­лау басқармасының инспек­тор­лары бюджеттік тұр­ғын үй құрылыстарына бақы­­лау жүргізіп отырады. Был­­тыр­дың өзінде 300-ге жуық нысан тексерілген екен, құрылыс материалдары­ның сапасы талапқа сай келмейтін 49 ны­сан­да­ғы кемшіліктерді жою жөнінде ескерту жасалыпты. Мемлекеттік сәулет-құры­лыс бақылау басқармасы бас­шысының міндетін атқа­ру­шы Асылбек Омарқұловтың айтуынша, проблема негізінен бас мердігер, авторлық және техникалық қадағалау қыз­мет­керлерінің жұмысқа сал­ғырт қарауларынан бола­д­ы екен. Мысалы, «Береке» ша­­ғын ауданындағы құры­лыс-монтаж жұмыстары кезін­де құрылысшылардың өрес­кел қателік жібергені анық­та­лып, 3 млн 500 мың теңге көле­мін­де әкімшілік айыппұл салынған. Өткен жылы басқарма қыз­меткерлері құзырлы орган­дармен бірлесіп, 26 ны­сан­ды тексеруге қаты­сып­ты. Анық­талған кемшіліктер бойын­ша құрылыс мекеме­лері мен жеке кәсіпкерлер әкім­­ші­лік жауап­кершілік­ке тар­тыл­ды. «Айыппұлдың жалпы көле­мі 8 738 520 теңге бол­ды. Тех­никалық қада­ғалау жаса­ған үш сарап­шыға аттес­тат­­тарының жарам­дылығын тоқ­тату және айып­пұл салу шара­лары қол­данылды», дейді А.Омарқұлов. Бақытгүл БАБАШ, «Егемен Қазақстан» АТЫРАУ