15 Наурыз, 2017

Эфиопияда қоқыс астында өлгендер саны 72-ге жетті

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Эфиопияда 11 наурыз күні қоқыс полигонында көшкін жүріп, салдарынан бүгінге дейін қаза тапқандар саны 72 адамға жетті. Олардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар. AFP агенттігі осыған дейін 65 адамның опат болғанын хабарлаған-ды. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар тобы жұмысын жалғастырып жатыр. Эфиопия парламенті алдағы үш тәулікті қаралы күн деп жариялады. Жарты ғасыр бұрын пайда болған қоқыс орны бірнеше жыл бұрын ресми түрде жабылған. Оның орнына төрт миллион халқы бар Аддис-Абеба қаласының жанына жаңа полигон ашылған. Алайда, бұл жерде тұрып жатқан фермерлер наразылықтарын білдіріп, жолды бөгеп тастаған болатын. Осының салдарынан қоқыс тасушылар бұрынғы орынға қайта оралды. Мәліметтер бойынша, ескі полигонның маңайында жүздеген тұрғын өмір сүріп жатқан. Уақытша баспаналарын салып, қалдықтарды өңдеумен айналысып келіпті. Оқыс оқиғаның салдарынан бүкіл ауыл қоқыс астында қалды. Құтқарушылар тобы бүгінге дейін 37 адамды аман алып шықты.