Журналистермен сұхбат кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлықпен күрес, оның жеңу жолдары туралы ойларын айтты.
"Жемқорлықпен бүкіл әлемде күресіп жатыр. Бірақ әлі ешбір ел оны толық жеңдік деп айта алмайды. Шегінен шыққан кезде коррупция мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Әсіресе, экономикасын жаңа дамытып жатқан жас елдер үшін бұл үлкен проблема. Қытайда ол үшін қаншама адам осы уақытқа дейін ату жазасына кесілді. Бірақ күрес бәрібір тоқтамайды.
Жемқорлықты жеңу үшін атқаратын шаруа көп. Мемлекеттік қызметтің жалақысын өсіру керек, ол өзін және отбасын еркін асырай алатын болуы керек. Қазір мемлекеттік қызметкерлер қатаң байқаудан өтеді. Яғни, адамды көшеден әкеп қызметке қою салу деген болмайды. Ең мықтылар, ең үздіктер таңдалады.
Біз тұрғындарға айтқымыз келеді. Біз бүкіл ел болып қана бұл дертті жеңе аламыз. Ол не деген сөз? Ол ұрлықпен, жемқорлықпен барша халық болып күресу деген сөз. Сингапурде мынадай тәжірибе бар. Егер ұжымда бір қызметкер пара алғысы келсе, оны білген жағдайда әріптесі хабарласуы керек. Әйтпесе, ол парақормен бірге жазаланады. Әрине, бұл біз үшін тым қатаң жаза болар еді.
«Болашақ» бағдарламасымен оқыған жас министр ұсталды. Ол достарымен бірлесіп сыбайлас топ құрған. Қазір тексеру жүріп жатыр. Әрине, сот шешімі шыққан жоқ. Бірақ бұл іс тоқтамайды. Қылмыскерлер жазасын алады, ұрланған қаржы мемлекетке қайтарылады.
• 17 Наурыз, 2017
Сыбайлас жемқорлықпен бүкіл ел болып күресуіміз керек - Назарбаев

Сәтбаевта қалың қар жауды: Жол тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Аймақтар • Бүгін, 16:54
«Air Astana» Алматыдан Бакуге рейстер санын арттырады
Қоғам • Бүгін, 16:45
Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады
Медицина • Бүгін, 16:32
MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:28
Алматыда бұрынғы жұбайының ізіне түскен сталкерге үкім шықты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:22
Парламентаризм институты жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:10
ЕҰУ академиялық қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 16:04
Сарапшылар: Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік жүйенің орнықтылығын арттырады
Ата заң • Бүгін, 15:55
Жамбыл облысында автобус пен көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:48
Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?
Оқиға • Бүгін, 15:32
Қостанайдағы ішімдіктен бас тартқан ауылда 3 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Қоғам • Бүгін, 15:23
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 15:00
13 ақпанға дейін жол жабық: Қай өңірлерде қозғалысқа шектеу қойылды?
Ауа райы • Бүгін, 14:53
Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:32
Замира Кузиева: Ата заң азаматтар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 14:13