17 Наурыз, 2017

Назарбаев "Информациялық Қазақстан" бағдарламасы әзірленетінін айтты

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Журналистермен сұхбат кезінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта үкіметке "Информациялық Қазақстан" атты бағдарламаны дайындау туралы тапсырма берілгенін айтты. "Бағдарлама дайындалып, биылғы жылдың ортасында қабылданады. Бұл оңай іс емес. Біз мұндайды жасап көрген емеспіз. Жаңадан жұмысқа кірісейін деп жатырмыз", - деді Назарбаев. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қазіргі жаһандық дағдарысқа алдын-ала дайындық жүргізілгенін айтты. "Индустриялдық бағдарлама арқылы 1000 мекеме іске қосылып, көптеген жұмыс орны ашылды. Бұл алдымызда тұрған қиыншылықтарға жауап деген сөз. Былтыр бір жылдың ішінде экспорт тауарларымыз үш есе төмендеп кетеді деп кім ойлады? Ешкім де ойлаған жоқ. Дүниежүзіне белгілі сарапшылардың ешқайсысы бұл кризисті болжаған жоқ", деді Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы алдын-ала қамданбағанда, елімізде жағдайдың өте нашар болуы мүмкін екенін айтты.