18 Наурыз, 2017

ҚХА құттықтауы

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Құрметті отандастар! Сіздерді жалпыхалықтық көк­тем мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Наурыз ежелгі дәуірлерден бас­тап Ұлыстың ұлы күні – табиғат пен адам рухының жаңаруы, бір­ле­су мен өзара көмек күні ретінде аталып өтеді. Бүгінгі күні, ғасырлар бойы сақталған дәстүрлердің арқасында, сенім, ынтымақ, татулық пен келісімнің арқасында Наурыз мейрамы Мәңгілік Елдің біріктіруші рухани құндылығына айналды. Көктемнің тіршілікті оятар лебімен бірге, Наурыз біздің үйлесім мен өзара түсіністікке, достық пен бірлікке деген талпынысымызды орнықтыра түседі. Біздің еліміз бен халқымыздың бүгінгі табыс кілті, ертеңгі жеңістері мен жетістіктерінің кепілі, міне, осында жатыр. Наурыздың шуағы мен жарығы біздің ортақ үйіміз – Ұлы Дала елінің жазиралы жазығын жылуына бөлесін. Көктемнің нақ осы күндерінде біздің еліміз – Қазақстан Респуб­лика­сын нығайту мен дамытудың шешуші кезеңіне қадам басуы­мыз­дың өзі маңызды болса керек. Бүгін біз, Қазақстан халқы деген біртұтас отбасындағы жандардай, ортақ іске үлес қосуда ел болашағы үшін жауапты екенімізді ерекше сезінеміз. Қымбатты жерлестер! Көктемнің ұлы да жарқын мерекесі Наурыз сіздерге қуаныш, молшылық пен бақыт сыйласын! Көктем күнінің шуақты шапағымен ұлан-байтақ еліміздің әр түкпіріне үйлесім ұяласын, ал әр қазақстандық отбасында татулық, өзара сыйластық, түсіністік пен сүйіспеншілік одан әрі беки түссін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз мейрамы құтты болсын! Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі