Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазмедиа» орталығының концерт залында «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық жүлдесі тапсырылды.
Қызылды-жасылды киім киіп қырмызыдай құлпырған телевизиядағы қыз-келіншектер мен шалбарларының қыры сынбаған ер азаматтар «Тұмар» жүлдесінің тапсырылу рәсіміне айрықша дайындалып келгендері көрініп тұрды. Олар қызыл кілемнің үстінен тұп-тура екі сағатта жүріп өткен соң жүлдені тапсыру салтанаты да басталып кетті.
«Тұмар» жүлдесі отандық телевизия тарихында тұңғыш рет тағайындалып отыр. Кім алады дегізіп көпшілікті тықыршытқан жүлде 12 аталым бойынша тапсырылып, «Тұмар» ескерткіш мүсіншелері ұсынылды. Ең алдымен сарапшылар 12 ақпаннан бастап осы жүлдені алу үшін жолданған материалдарды қарап, бағалап, ең соңында лайықты шешім шығарғанын атап өтуіміз қажет. Бір айдың көлемінде ұйымдастыру комитетіне телеарналар мен продакшн-студиялардан 200-ден астам өтінім келіп түскен.
Ал Парламент Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» АҚ бас директоры Ерлан Бекхожин, Қазақстан баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылова, «Милосердие» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саин, телевизия саласының танымал журналистері Иманғали Нұртілеуұлы, Бибігүл Жексенбай, Александр Аксютиц, т.б бірқатар мамандардан құралған қазылар алқасы өтінімдердің арасынан 12 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады.
Сонымен, жабық дауыс беру арқылы еліміздегі бүкіл республикалық телеарналар арасындағы бәйгеде «Ең үздік әлеуметтік жоба» аталымы бойынша «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Айтуға оңай» бағдарламасы жүлдегер атанды. «Ең үздік аймақтық әлеуметтік бағдарлама» аталымында Ақтөбе қаласындағы «Рика ТВ» арнасының «Город сегодня» бағдарламасы топ жарды. «Ең үздік ақпараттық бағдарлама» аталымында «31 арнаның» қазақ және орыс тілдеріндегі «Информбюро» жаңалықтар қызметіне жүлде тапсырылды.
Ал «Ең үздік аймақтық ақпараттық бағдарлама» ретінде «Қазақстан-Атырау» телеарнасының «Адасқандар» бағдарламасы «Тұмар» жүлдесімен марапатталды. «Ең үздік әзіл-сықақ бағдарламасы» аталымындағы жүлдені «Балапан» арнасының «Күлегеш» бағдарламасы жеңіп алса, «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Әке» телесериалы «Ең үздік телевизиялық телехикая» деп танылды.
«Ең үздік музыкалық бағдарлама» аталымында «TV Key» компаниясының «Музыкальный перформанс» бағдарламасы мойны озық шықса, «Ең үздік ток-шоу» ретінде КТК телеарнасының «Наша правда: «Судьба человека» бағдарламасы бәйгеден келді. «Ең үздік ақпараттық-талдамалы» бағдарлама аталымында «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Apta.kz» бағдарламасы, «Ең үздік деректі кино» аталымында «Хабар» агенттігінің «Тайны и судьбы великих казахов» фильмі «Тұмар» жүлдесімен марапатталды.
«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» «Atameken business channel» арнасының ашылуы болса, «Телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша қоғам қайраткері, белгілі көсемсөзші Сұлтан Оразалы марапатталды.
Телевизия саласына арналған салтанатты шараның соңын ала құттықтау сөз сөйлеген Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мерзімді баспасөз бен интернет-журналистика саласында да осы тектес сыйлық тағайындалатынын айтып өтті. «Бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің атына көптеген жақсы сөздер айтылды. Бұл – біз үшін үлкен абырой. Ендігі жүлде баспасөз саласы мен интернет-журналистикаға, онлайн-басылымдарға арналады», – деді ол.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ,

Сәтбаевта қалың қар жауды: Жол тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Аймақтар • Бүгін, 16:54
«Air Astana» Алматыдан Бакуге рейстер санын арттырады
Қоғам • Бүгін, 16:45
Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады
Медицина • Бүгін, 16:32
MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:28
Алматыда бұрынғы жұбайының ізіне түскен сталкерге үкім шықты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:22
Парламентаризм институты жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:10
ЕҰУ академиялық қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 16:04
Сарапшылар: Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік жүйенің орнықтылығын арттырады
Ата заң • Бүгін, 15:55
Жамбыл облысында автобус пен көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:48
Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?
Оқиға • Бүгін, 15:32
Қостанайдағы ішімдіктен бас тартқан ауылда 3 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Қоғам • Бүгін, 15:23
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 15:00
13 ақпанға дейін жол жабық: Қай өңірлерде қозғалысқа шектеу қойылды?
Ауа райы • Бүгін, 14:53
Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:32
Замира Кузиева: Ата заң азаматтар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 14:13