14 Қыркүйек, 2011

Тегеурінді техниканың тиімділігі

438 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Осы аптаның ішінде ЖШС Қазақ ауыл шаруашылығын ме­ха­никаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында «Беларусь-ЭКСПО-2011» шең­бе­рінде көрме болып өтті. Оған Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Валерий Иванов бастаған делегация қатынасты. Қазақстан тарапынан Төтенше жағдайлар министрі Вла­димир Божко және аталған инс­титуттың бас директоры Сейіт­қазы Кешуов басшылық жасай­тын ғалымдар тобы болды. Мұн­да агроөнеркәсіп кешенін дамыту барысы  әңгіме  арқауына ай­налды. Қонақтар бірлескен қазақ-белорусь техникаларының және «Минск трактор зауыты» сауда үйінің көрмелерімен танысты. Ал екіжақты басқосу барысында инс­титуттың механикалық зауы­ты шығарған мал азығын дайын­дайтын және жер жыртатын әрі топырақ өңдейтін техникалардың жайы туралы әңгіме қозғалды. Белоруссия Премьер-ми­нис­трі­нің орынбасары Валерий Иванов Қазақстанмен ынтымақтас­тық­­та­рына айрықша ризашы­лы­ғын білдірді. Ол Қазақстанның оңтүс­тік аймақтарындағы жер­лер­дің ауылшаруашылық өнім­де­рін өн­ді­руге өте қолайлы екеніне, өсім­дік­тер мен мал шаруа­шы­лы­ғын дамытуға да мүмкіндігі мол екендігіне тоқталды, сонымен қа­тар Қазақстанда агроөнеркәсіп ке­ше­ні­нің келешегі зор екеніне де жар­қын мысалдар келтірді. Осы бағыттар бойынша сауда-эко­но­микалық бірлестікті бұдан былай да нығайтып, институт ұжы­мын өздерінде өтетін «Агро-2012» көрмелеріне қатысуға шақырды. Ал «Қазақ ауыл шаруашы­лы­ғын механикаландыру және элек­трлендіру ғылыми-зерттеу инс­титуты» ЖШС бас директоры Сейітқазы Кешуов тәжірибеден өткен механикалық зауыттың қос­алқы бөлшектерді және ауыл­ша­руашылық машиналарының то­лық кешенін шығаруға мүм­кін­дігі бар екенін тілге тиек етті. Бе­лорустердің шығарып жатқан ма­ши­налары мен тракторларына Қа­зақ­стан ғалымдары қатты көңіл бөліп отыр. Сондықтан да, олармен бірлесе жұмыс жүргізуді өз­дерінің басты міндеттері санайды. Үкіметаралық комиссияға төр­ағалық еткен Владимир Божко жаңа техникалар шығаруда әдіс-тәсілдер мен жаңалықтар енгізу осы ғылыми-зерттеу инсти­тутына жүктелгенін қонақтардың есіне салды. Ол екіжақты қа­рым-қатынастың оңды нәтижелер беретініне ешқандай да күмән келтірмейтінін білдірді. Қанат ТӘКЕБАЕВ, журналист. Алматы.