14 Қыркүйек, 2011

Стратегиялық әріптестік әлеуеті

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Лиді қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың екіжақты, оның ішінде парламентаралық іс-қимыл деңгейіндегі қатынастар­ды одан әрі нығайту мәселелері  талқыланды. Қ.Мәми Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастардың қар­қын­ды дамып келе жатқанын және стратегиялық әріптестік сенім­діліктің жоғары дәре­же­сі­мен сипатталатынын атап өтті. – Біздің елдеріміз арасын­да­ғы ынтымақтастықты дамы­ту­да­ғы және оны нығайтудағы негізгі рөл екі мемлекет басшылары Н.На­зарбаев пен Ху Цзиньтаоға тиесілі, – деді Сенат Төрағасы. Парламент Сенаты Төраға­сы­ның шақыруы бойынша биылғы 23-28 қыркүйек аралы­ғын­да Ха­лық өкілдері Бүкіл­қы­тай жина­лысы Тұрақты коми­те­ті­нің Төр­ағасы У Банго Қазақ­стан­ға ресми сапармен алғаш рет келеді. – Біз Қытайдың жоғары өкіл­ді органы басшысының алдағы сапарына ерекше маңыз береміз, – деді Қ.Мәми және ол У Бан­гоның біздің елімізге келуі тек парламентаралық үнқаты­су­д­ы белсенділендіруге ғана емес, мемлекетаралық қатынастардың барлық бағыттарын нығайтуға   жәрдемдесетінін де атап өтті. Қ.Мәмиге қытайлық әріптесі У Бангоның сәлемін жеткізген Чжоу Ли екі мемлекет арасын­да­ғы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуды жақтай­тынын айтты. Қытай дипломаты Қазақстан мен Қытайдың екіжақты қаты­настары туралы Қ.Мәмидің берген бағасымен келісе отырып, Қа­зақстан мен Қытай арасын­дағы стратегиялық әріптестіктегі табыстар жоғары деңгейдегі тұ­рақ­ты және нәтижелі байла­ныс­тар­ға негізделетінін мәлімдеді.