15 Қыркүйек, 2011

Фракция төралқасының отырысы

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджановтың төрағалық етуімен фракция төралқасының отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Онда «Нұр Отан» ХДП фрак­циясының төртінші сайланған Парламент Мәжілісінің бесінші сессиясына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Сондай-ақ, күн тәртібінде төр­алқа мүшелері, депутаттар – фракция мүшелерінің 2011 жыл­ғы 1 шілде мен 31 тамыз ара­лы­ғында республика өңірлерінде ат­қарған көшпелі жұмыстарының қорытындыларын және алдағы «2012 – 2014 жылдарға арналған рес­публикалық бюджет туралы» заң жобасы мен «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстанның өсіп-өр­кендеуі мен қазақстан­дық­тар­дың игілігі үшін: елдің әр аза­ма­ты­ның өмірін біз қалай жақсар­та­мыз» Халықтық тұғырнамасы­ның орындалу барысы туралы» мә­селе бойынша «Нұр Отан» ХДП Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жи­на­лысына дайындық барысы талқыланды.