Талғар ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жаңа мектеп салынып жатыр. Үш ауысымда оқыту мәселесін шешетін білім ошағы келесі оқу жылында Белбұлақ ауылында бой көтереді, деп хабарлайды BNews.kz. Қазір ауылдағы қолданыстағы мектепте 566 бала оқиды. Оқушылар санының тұрақты артуына байланысты балалар әзірге үш ауысыммен оқытылады. Оған қоса, 200-ге жуық бала жақын жердегі ауылдарға барып-келіп оқиды. Осы мәселенің түйінін тарқату мақсатында биылғы жылдың мамыр айында 600 орынға арналған қосымша ғимараттың құрылысы басталған болатын. Бұл ғимарат келесі жылы пайдалануға беріледі. «Бүгінгі күні Белбұлақ ауылындағы мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Алдағы уақытта білім мекемесімен тек жергілікті балаларды ғана емес, көрші ауылдардағы балаларды да қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл – үш ауысымды оқыту мәселесін шешуге ықпал етеді», – дейді Талғар ауданының әкімі Р.Садықова
Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше