23 Қараша, 2016

«Барыс» «Куньлунь Ред Стар» командасынан басым түсті

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  231116-barys Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» өз айдынында Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдап, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Кездесудің бар-жоғы екінші минутында айдын иелері есеп ашып үлгерді. Шабуыл шебінде өнер көрсететін Никита Ивановтың соққысына қақпашы тосқауыл бола алмады. Арада үш минут өтер-өтпес, канадалық қорғаушы Кэм Баркер есепті еселей түсті. Екінші кезеңде «Куньлунь Ред Стар» командасының сапынан француз шабуылшысы Дамьен Флэри 30-минутта есепті қысқарта білді. Ал соңғы 20 минутта «Барыс» айтарлықтай басым болды. Алдымен 45-минутта Найджел Доус қарсы қақпаға төртінші шайбаны соққан болса, матчтың аяқталуына екі минут қалғанда, 58-минутта Роман Старченко кездесудің нүктесін қойды. Еншісінде 45 ұпайы бар «Барыс» Шығыс конференциясында 7-орынға көтерілді. Келесі ойынын 25 қарашада «Адмирал» командасына қарсы өткізеді.
Соңғы жаңалықтар