24 Қараша, 2016

«Темір баба» кедендік бекетінен 2016 жылы 82 мың адам өткен

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
    241116-keden Жыл басынан бері Қазақстан мен Түркіменстанның мемлекеттік шекарасындағы «Темір баба» кедендік бекетінен 82 мың адам өтті. Аталған бекеттің ұзақтығы 320 километрді құрайды, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Жеке тұлғаларға келетін болсақ, жыл басынан бері Қазақстанға 41 мың адам кірген, тура осынша көлемдегі адамдар шекарадан сыртқа шыққан. Жүк тасымалына келетін болсақ, 3 мың 943 жүк көлігі кіріп, 3 мың 89 көлік шыққан. Біздің бекетте тауар айналымы аса үлкен емес. Сол себепті мұнда экономикалық қылмыстар саны да аз. Мұнда негізінен әкімшілік материалдарды тіркейміз. Мұндай материалдар саны 37 рет тіркелді. Соңғы рет біз үлкен оқиға ретінде 27 мың 900 долларды декларациядан өткізбей алып бара жатқан Түркіменстан азаматшасымен байланысты оқиғаны тіркедік. Аталмыш қаржы 33 жастағы әйелдің жүгін тексеру кезінде табылды. Сонымен қатар, өткізу бақылау бекетіндегі «танымал» тауарлардың қатарында темекілер мен қосалқы бөлшектер бар», – деді «Темір баба» кедендік бекетінің жетекшісі Абылай Қазбаев. «Темір баба» бекетіне жақын Жаңаөзен қаласы 175 км қашықтықта орналасқан.