«Қазақстан» ұлттық арнасы қоғамда шешімін таппай жүрген сан алуан мәселелерді зиялы қауым талқысына салып, «Ой-толғау» бағдарламасы эфирінде рухани әңгіме өрбітіп келеді. Ұлттық арнаның жаңа маусымда эфирге шыққан бағдарламасының бүгінге дейін 10 хабары көрермен назарына ұсынылды. Әр бағдарламаға арнайы студия қонағы ретінде қалың жұртшылық жақсы танитын тұлғалар шақырылды. Мұндағы негізгі мақсат – сұхбатқа қатысушылардың өмірдегі жетістіктерін, парасат-пайымын, еңбек тәжірибесін өскелең ұрпаққа үлгі ету, сондай-ақ әңгімеге арқау болған тақырыпқа қатысты ой бөлісіп, көзқарастары мен ұстанымдарын білу.
«Ой-толғау» бағдарламасының кезекті саны 26 қарашада эфирге шығады, ал оның қонақтары – Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы Балнұр Қыдырбек пен композитор Жоламан Тұрсынбаев. Ақын Қалқаман Сарин жүргізетін бағдарламаны жіберіп алмаңыздар!
«Егемен-ақпарат»