24 Қараша, 2016

Көкшетау спартакиада өткізеді

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
burabay-sport-sarayyБүгін Көкшетауда Қазақстанның қысқы арнайы спартакиадасы басталады. Оған еліміз­дің түкпір-түкпірінен келген мүм­кіндігі шектеулі спортшылар қатысады. Жарысты Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақмола облыстық әкімдігі ұйымдастырып отыр. Оның ашылу салтанаты бүгін түсте «Бурабай» спорт сарайында өтеді. Үш күн бойы спорттың шаңғы, коньки, флорбол, сне­гоступ, тау шаңғысы және сноуборд атты 6 түрі бо­йын­ша өтетін сайыс 26 қараша күні өз мәресіне жетеді. Олимпиаданың мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандар арасында саламатты өмір салтын қалыптастырудың, олардың психологиялық және күш-қайрат жағдайларын жақсартудың бір факторы ретінде денешынықтыру мен спортты дамытуды насихаттау болып табылады. Ал негізгі міндеті белсенді түрде денешынықтыруға тартып, оларды халықаралық жарыстарға көптеп қатыстырып тұруға қадам жасау болмақ. Олимпиадаға қатысушылар спорттық дайын­дықтары деңгейлеріне қарай бірнеше дивизионға бөлініп жарысады. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» КӨКШЕТАУ