24 Қараша, 2016

Қысқы спорт қағажу көрмейді

541 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
21-11-16-sharapiev-2Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Тұратбек Шарапиевтен жүздесіп, аймақтағы спорттың бағыты және қысқы спорт түрлері туралы пікірлескен едік. – Тұратбек Төлебекұлы, қыс­қы спорт түрлеріне жетісу­лық­тар қандай дайындықпен келді? – Облыста қысқы спорт түр­лерін дамыту мақсатында 2013 жылы Талғар ауданында мамандандырыл­ған балалар мен жасөспірімдер спорт мек­­тебі ашылған еді. Онда 33 жат­­­тық­тырушы биатлон, шорт-трек, шаңғы жарысы, шаңғы­мен бағдарлау, президенттік көп­­сайыс бойынша 972 оқушы­ны жат­тық­тыру­ды қолға алды. Бұлар­­дың арасында биатлоннан 2010 жылғы Ванкувер Олим­пия ойындарының күміс жүлде­гері, Азия Ойындарының алтын жүл­де­гері Елена Хрусталева да бар. Негізі, спортшының алға ұм­ты­лып тұруы үшін тұрақ­ты түрде қысқы спорт түрлері­нен спартакиада, турнирлер өт­кі­­­зіп келеміз. Жоғары жетіс­тік­­­­тер­ге жету жолдарының бірі қар­­қын­­­ды оқу-жаттығу сабақ­тары, жарыс­­­тар алдында арнайы өт­кізі­летін оқу-жаттығу жиындары болып есептелетіні мәлім. Уни­вер­сиада-2017 жарысы ал­дында шаң­ғы қоссайысы коман­­дасы­ның мүше­лері Талғар ауданы­ның Бес­қайнар ауылында орналас­қан В.Смирнов атындағы спорттық базасында арнайы дайындықтан өтуде. – Үлкен спортта жеткен жетіс­­тіктеріңізді салалап айтып бере аласыз ба? – Биыл тамызда Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан Карина Горичева қола медаль ұтса, Маргарита Елисеева мен боксшы Жәнібек Әлімханұлы бесінші орынға ие болды. Ал Пара­лимпиада ойын­дарында пауэрлифтингтен Раушан Қойшыбаева күміс медаль алды. «Жетісу» волейбол ко­ман­дасы – Қазақстанның 7 дүр­кін чемпионы, Кубок иесі. Ол 2015 жылы алғаш рет өткізілген Суперкубокты алды. Сондай-ақ, Азияның клубтық командалар ара­сындағы жүлдегері болып табылады. Гандболдан «Іле» жасағы өткен жылы чемпиондыққа қол жеткізді, жақында Қызылордада өткен Азияның клубтық командалары чемпионатында үшінші болды. «Бесарыс» көгалдағы хоккей әйелдер клубы 3 мәрте Азия чемпионы, көгалдағы хоккей мен оның бір түрі – индор-хоккейден Қазақстанның 5 мәрте чемпионы болды. «Қапшағай» баскетболдан ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында 3-орынды иеленді. «Олимп» регби командасы чемпион атанды. Сол сияқты облыстың көк­пар командасы Қазақстан чем­пио­натында үшінші орыннан көрінді. Мемлекет басшысының бұ­қара­­лық спортпен шұғылдану­шы ха­лық­тың санын 30 пайыз­ға дейін жеткізу туралы мін­детін орындау мақсатында об­лыс­тың барлық ауылдық округ әкім­дік­терінің ап­па­рат­тарына 253 спорт әдіскер-нұсқаушы бері­ліп, волейбол, футбол, баскетбол секілді спорт түрлері бойынша сек­циялар жүргізуде. Облыс әкі­мі­нің өкімімен республикалық және халықаралық жарыстарда жо­ғары нәтижелерге жеткен 60 үздік спортшыға және 21 мүге­дек-спортшыға ай сайын 30-300 мың теңге аралығында сыйақы төленуде. – Әлем көз тігіп отырған Уни­­вер­­сиадаға кімдер қаты­сады? – Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиадаға облыстан шаңғы қоссайысынан 3 спортшы қатыса­ты­ны белгілі болды. Қазіргі таң­­да олар Ресейдің Нижний Тагиль қа­ласында оқу-жаттығу жиы­­нын өткізіп жатыр. Бұдан кейін 5 жел­тоқсан – 10 қаңтар аралы­ғын­да Гер­мания, Норвегия, Австрия, Сло­вения елдерінде өтетін Құр­лық­тық Кубок жарысына ат салы­са­ды. Сондай-ақ, шаңғышы Абзал Кә­рі­шалов 2017 жылы АҚШ-та өте­тін әлем чемпионатына қаты­сады. – Универсиаданың жоғары деңгейде өтуіне облыстың үлесі қандай болмақ? – Универсиада кезінде Талғар ауданында «Алатау» шаңғы-биат­лон кешені мен «Табаған» спорт­тық-сауықтыру кешені іске қосы­лады. Қоғамдық тәртіпті сақтауға ішкі істер департаментінің 1150 қыз­меткерін және Қорғаныс ми­нистр­лігінің аэроұтқыр әскерінің 150 қызметкерін тарту жоспарлануда. Универсиада нысандарында билбордтар мен баннерлерді орналастыру үшін арнайы киім-кешек киген жанкүйерлерді нысандарға жеткізу үшін Талғар ауданының әкімдігіне 39,7 млн теңге бөлінді. Әңгімелескен Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Алматы облысы