24 Қараша, 2016

Мұнайлы Мақаттың мерейі

188 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
img-20161122-wa0015Мақат – Атыраудағы өндірісті ауданның бірі. Мұнда жеті қат жер астындағы табиғи байлық – мұнай мен газды ел кәдесіне жаратушы мұнайшылар шоғыры қалыптасқан. Тіпті, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында осындағы Доссор кенті маңынан өндірілген мұнай майдандағы танктерге құю үшін тікелей жөнелтілгені де тарихтан белгілі. ­ Бұрын мұнда мұнай-газ өнеркәсібі мен темір жол саласының экономиканы өрге сүйрейтін басымдығы бар еді. Ал қазір ауданның экономикалық-әлеуметтік ахуа­лын жақ­сартуға сеп­те­се­тін салалардың қа­­тарын ша­ғын және орта кәсіпкерлік те то­лық­тырды. Кеше дәл осы ауданға арнайы аялдаған «Тәуелсіз Қазақстан» пойыз­ының штаб же­текшісі Әміржан Әлпейісов бастаған са­лалық министрліктер мен түрлі ко­митеттердің, ұлттық холдингтердің таң­дау­лы өкілдері мен жетекші маманда­ры­нан құралған топты жұртшылықпен бір­ге қарсы алған аудан әкімі Берікқали Сәрсенғалиевтің айтуынша, Мақатта сан алуан жобалар іске асырылуда. Былайша айтқанда, тәуелсіздік жылдарында аудан тұрғындарының еңсесі тіктелді. Оған мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау мен көмектің оразан зор пайдасы тиген. Сондай қолдауды да, көмекті де табиғи апаттың салдарынан баспанасы бүлінген тұрғындар анық сезінді. Оларға ұлттық компаниялардың қолдауымен жаңа тұрғын үйлер салынып берілді. Жас мамандар да баспанамен қамтылуда. – Кең жазиралы даламызды баянды мекеніне айналдырған көп этносты елімізде тәуелсіздік жылдарында бекем бірлігі мен ырысты ынтымағына сызат түс­педі. Бұған жаһанның барша жұр­ты қызығып қарайды. Қарашаңырақ – Қазақстанымыздағы өркенді өз­­­­­­ге­­ріс­терге, түтіні түзу тыныштыққа қы­­­­з­­­ғана қарайтындар да бар. Біз үшін ең бас­­­­тысы – еліміздің өсіп-өркендеуі, ын­ты­­­­­мағымыздың бекемделе түсуі, – деді «Тә­у­елсіз Қазақстан» пойызының штаб же­­текшісі Әміржан Әлпейісов. Шын мәнінде, бұл пойыздың келуіне аудан тұрғындары қызығушылық танытты. Білікті дәрігерлер аудандық ауруханада түрлі сырқаты бар тұр­ғындардың талап-тілегін жіті тыңдап, өз кеңестерін берді. Бірі жүрегін тың­дат­ты, енді бірі қан қысымын өлшетті. Көз жанарын көрсеткендер де бар. Дә­­­рігерлер алдына келген тұр­ғын­дар­­­дың барлығына медициналық кө­­ме­гін көрсетті. Дұрыс тамақ­тану мен ты­нығудың маңыздылығын да тұр­­ғын­дарға түсіндірді. Мәселен, Се­рік­­бай Сақтағанов пойыз құрамымен кел­ген жо­ғары санатты кардиологтың ке­ңе­сі­мен жүрегіне ем-дом жасаудың жо­лын білгеніне ризашылығын білдірді. Сол секілді кәсіпкер Саламат Қуанышев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер пала­та­сының өкілдерінен кәсіпкерлікті одан әрі кеңейту үшін көрсетілетін қол­даудың жай-жапсарына қанықты. – Тәубе деп айталық, еліміз үшін биылғы жылдың маңызы айрықша. Өйткені, жақында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Бұл мерейтойға еліміз үлкен жетістікпен жетіп отыр. Еліміз өркендеді, отандық өнімдеріміз шығарылып жатыр. Кәсіп­керлер де елге қызмет етуді үйренді. Деген­мен, мәселенің бәрі бірден шешімін таба қоймайды. Кейде әлдебір мәселе үшін облысқа, тіпті Астанаға дейін барудың қажеттігі туындап жатады. Адам болған соң сырқаттанбай тұра ма? Кей сырқат жандар жанына шипа іздеп Астана, Алматы секілді ірі қалалардағы бі­лікті дәрігерлерге баруына мүмкіндігі бо­­ла бермейді. Ал бүгін ауданымызға кә­­с­іби дәрігерлер де, түрлі саланың же­тек­ші өкілдері де келіп, қабылдау жүр­гіз­ді. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш, – дейді ау­дандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Қаленов. Иә, Мақат ауданының тұр­ғын­да­ры «Тәуелсіз Қазақстан» пойыз­ының өкілдерінен «Жұмыспен қамтудың жол кар­тасы-2020», «Жастар тәжірибесі», «25 жыл­дың белестері» және мемлекеттік қыз­меттер ұсыну мәселелері бойынша ақыл-кеңес алды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» Атырау облысы