24 Қараша, 2016

Арқа төсінде акция қыза түсті

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағанды облысында «Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясы қыза түсті. Осы шаралардың аясында «Қарағанды облысының Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері» атты көрме ашылып, ол 15 желтоқсанға дейін жұмыс істейді. «25 жұлдызды күн» ішінде, сонымен қатар, өнеркәсіптік, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандар ашу, жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру, қайырымдылық шаралары, патриоттық флешмобтар мен акциялар, байқаулар өткізу жоспарланған. Акция шеңберінде облыс аумағында барлығы 300-ден астам шара ұйымдастырылмақ. Солардың ішінде «Жастар дәстүрлі құндылықтарды қолдайды» атты респуб­ликалық форум, этномәдени бірлес­тіктердің Тәуелсіздік жылдарын­дағы жетістіктеріне арналған «Үлкен Ел – Үл­кен Отбасы» көрмесі,  Ұлытау кентінде спорт кешенінің ашылу салтана­ты, өңірдің үздік спортшыларының қатысуымен «Алғыс кітап» акциясының аяқталуы, отандық тауар өндірушілер жетістіктерінің «Қазақстанда жасалған» атты көрмесі, «Алтай Полиметалл» ЖШС «Көктасжал» кен орнының базасында тау-кен кешенін салу мен іске қосу» ірі жобасының тұсаукесері, Жезқазған қаласы «Жалтырбұлақ» кен орнының алтынды кенін өңдеуге арналған кешеннің ашылуы, «Қазақстан жастары – Тәуелсіздік толқынында» атты рес­публикалық жастар акциясы, гемодиализ орталығының ашылуы, жас мамандарға – Шахтинск қаласын­дағы медицина мамандары мен Сәт­баев қаласындағы отбасыларға пәтер кілт­терін табыстау тәрізді ауқымды шаралар болатынын атап өткеніміз орынды. Ынтымағы жарасқан елдің ырысты күндері, жұлдызды сәттері көп болғай! Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» ҚАРАҒАНДЫ