24 Қараша, 2016

Шекарашылар шарасы

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше ҰҚК Шекара қызметі академиясының саптық алаңында, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, «Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мемлекеттік шекараның» тақырыптық күнін атап өтуге арналған мерекелік шара өтті. Мұндай жиын осы күні еліміздің әр өңірінде өткізілді. Жиын бары­сында егемендіктің маңызды шарты болып табылатын мемлекеттік шекара мәселесінің халықаралық-құ­қық­­тық ресімделуі және Қазақстан мем­лекеттілігінің маңызды белгісі екендігі атап өтілді. Тәуелсіздік­тің алғашқы күн­дерінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз үшін Қазақ­станның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтаудан ма­ңызды міндет жоқ», – деген болатын. Сал­танатты сапта жүрген сарбаздар күннің сақылдаған аязына қарамай, бойларындағы Отанға деген өршіл рухты аңғартты. Елбасымыздың «Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде танылған нақты шекарасын белгіледі. 14 мың шақырым мемлекеттік шекара межеленді», деп айтқаны есімізде. Ауқымды істер арқасында ата-бабаларымыздан мұра болып қалған жеріміз қайта қалпына келтірілді. Сар­баздарды еңселендірген сондай ерен істердің айбары секілденеді. Көк ту­дың желбірегені... мерейімізді көтеретіні­нің бір айғағы деп білеміз. Сарбаздар алдын­да сөз сөйлеген «Застава тар­ландары» қауымдастығының төрағасы, отставкадағы генерал-майор Марат Мәжитов осы жөнінде айтты. Бұл мерекелік жиынға Шекара қызметінің Алматы гарнизондары бойынша әскери бөлімдері, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық бөлімшесінің өкілдері, академия ардагерлері мен басшылық құрамы қатысты. Сапарбай ПАРМАНҚҰЛОВ, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ