16 Қыркүйек, 2011

Шетелдік инвесторларға жол ашық

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Digital Communications Kazakhstan-2011 шарасы аясында Премьер-Ми­нистр­дің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев пен Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев ірі шетелдік IT компаниялар өкілдерімен кездесті. Кездесуге Huawei Techno­lo­gies компания­сы­ның Орталық Азия аймағы бой­ынша президенті Танг Кибинг, IBM вице-президенті Джефри Рода, Ericsson компаниясының вице-президенті Эрик Олдмарк, TIMWE компа­ниясының негізін салушылардың бірі Рикардо Карвальо, J’son & Partners компания­сының атқарушы әріптесі Карл Йоханнессон және басқа да компания өкілдері келіп, өзара пікір алмасты. Әсет Исекешев кездесуге келген шетелдік инвесторларға елімізде жүзеге асырылып жатқан үдемелі индустриялық-иннова­ция­лық дамудың мемлекеттік бағ­дарламасы жайын да баян­да­ды. «Онда жетекші рөлді эко­но­миканың негізгі секторлары – металлургия, химия, мәшине жасау, мұнай өңдеу өндірістері алады. Десек те ақпараттық-комму­ни­ка­циялық технология секторына да ерекше мән беріледі. Елбасы еліміздегі инновация дамуын жіті қадағалап отырады», деп атап өтті ол. Ә.Исекешев барлық әлеует­ті инвесторларды Қазақстанда Бай­ланыс және ақпарат министрлігі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ  жүргізіп жатқан бірлескен жобаларға қатысуға шақырды. Венера ТҮГЕЛБАЙ.