Сәрсенбі күні кешке Коста-Рика президенті Луис Гильермо Солис «Отто» дауылының жағаға жақындауына байланысты ел аумағында төтенше жағдай жариялады, деп хабарлады ТАСС.
Төтенше қызмет басшылығымен кездескен соң Солис баспасөз конференциясына қатысып, жақын арада ТЖ режимі туралы қаулыға қол қоюға уәде берді және өзінің Твиттер парақшасында жеке сектор басшыларына өз қызметкерлерін қорғауға қажетті шаралар жүргізуге және бейсенбі, жұма, демалыс күндері жұмысты уақытша тоқтата тұруға кеңес берді.
Бұдан бөлек, президент қауіптің «қызыл» деңгейін елдегі тағы бірнеше ауданға ұлғаятынын хабарлады.
Осыған дейін билік құтқару қызметтерін толық дайындап, жағаға жақын орналасқан аудандардан 4 мың адамды көшірген болатын.
АҚШ-тың дауылды бақылау жөніндегі ұлттық орталығының мәліметі бойынша Кариб теңізіндегі «Отто» тропикалық дауылы тағы да бірінші санатқа дейін күшейген. Жойқын жел қазіргі уақытта Косто-Риканың солтүстік-шығыс жағалауынан 230 км қашықтықта, жылдамдығы сағатына 33,3 шақырымды құрайды.
Сонымен қатар, табиғат апаты Никарагуа мемлекетіне де зиянын тигізейін деп тұр. Билік қауіпті аймақтан 10,5 мың адамды көшіру жөнінде шешім қабылдады. Ал Панамада дауылдың салдарынан 150 отбасы зардап шегіп, 11 адам із-түзсіз жоғалып кетті, сондай-ақ 4 тұрғын опат болды.

Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38