24 Қараша, 2016

Елімізге 14 жылда 60 миллионға жуық турист келген

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
241116-tourism Қазақстан туризм индустриясын дамытып жатқан көптеген елдің туристік доноры болып табылады. Бұл жөнінде Фэйсбук парақшасында Инвестиция және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали мәлімдеді. 2001-2015 жылдары Қазақстанға келген резиденттер болып табылмайтындар саны 59 489 294 адамды құраған. Алайда осы уақыт аралығында ел аумағынан өзге елдерде демалуға 83 771 998 қазақстандық шығыпты. 15 жылдағы жағымсыз айырма - 24 282 704 адам. Мұндай үрдістің басты салдары ел капиталының сыртқа кетуі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстаннан сыртқа шыққан туристер саны елге келушілерге қарағанда 1,5-2 есе асып кетті және елдің төлем балансында туристік сальдо үнемі теріс болуда. 2015 жылы сальдо минус 400 миллион долларға жетті.