24 Қараша, 2016

«Алтын қалам - 2016» жеңімпаздары марапатталды

248 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
20161124112808 Алматыда «Алтын қалам - 2016» тәуелсіз әдеби жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады жүлденің ұйымдастыру комитеті. «Ықылас атындағы Халық музыкалық аспаптар мұражайында  жеңімпаздардың есімі жарияланды. Жүлденің қысқа тізіміне Қазақстанның әр өңірінен қатысып отырған авторлардың орыс және қазақ тілдерінде жазған 30 шығармасы 6 аталым бойынша енгізілді», - делінген таратылған хабарламада. 20161124112830 Жұмыстар 2016 жылдың 1 шілдесінен бастап 15 қазанға дейін қабылданды. Кейін оқырмандар 31 қазанға дейін дауыс берді. Барлық шығарма akalam.kz сайтына орналастырылды. Биыл әдеби жүлдеге 446 автор әртүрлі жанрда жазылған 863 шығарманы ұсынды. Ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасының құрамына Қуат Домбай, Досым Сәтпаев, Кенже Жұманұлы, Айдос Сарым, Арман Шораев, Расул Жұмалы, Әйгерім Райымқұлова, Татьяна Филипчик және басқалар енді. Бұдан бөлек, биыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақтың үздік романына алғаш рет арнайы бәйге жарияланды. «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК РОМАНЫ» аталымы бойынша «Мен жындымын» шығармасымен жеңімпаз атанған  Сәукетаев Тұрысбек меценат Кеңес Рақышев тағайындаған 1 000 000 теңгеге ие болды. 20161124112812 Сонымен қатар,  QAZKOM банкінің қаржылай қолдауымен байқаудың таңдаулы шығармалары 2017 жылы жарық көретін «Алтын қалам 2016» әдеби жүлдесінің жинағына енеді. Сондай-ақ биыл байқауға қазақстандық авторлардан бөлек АҚШ, Малайзия, Германия, Чехия, Украина, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Израиль азаматтары да қатысты. «Биыл бізді QAZKOM банкінен бөлек, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы Бақылау кеңесінің төрағасы, белгілі меценат Бауыржан Оспанов, сондай-ақ, Қазақстан баспасөз клубы мен Қазақ радиосы қолдап отыр», - делінген хабарламада. 20161124112816