24 Қараша, 2016

Астанада қоғамдық көлікте жүру тегін болады

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
241116-bus Желтоқсан айы мерекеге толы. Елорда әкімдігі желтоқсан айында 70-тен асатын мәдени-бұқаралық шаралар бағдарламасын жасады, деп хабарлады «Вечерняя Астана» газеті. 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнінде дәстүр бойынша елдің басты шыршасын жағу рәсімі өтеді. Ал 15 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған садақ ату бойынша Астана қаласының чемпионаты өтеді. Ал жаңа жыл қарсаңында, яғни 28 желтоқсанда астаналықтар шаңғы жарысында бақ сынасады. Сондай-ақ бір ай ішінде үздік құрылысшылар, кәсіпкерлер, педагогтар, ОАБ және ЖОО студенттері айрықша грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталады. ҚР Тәуелсіздігі күні - 16 желтоқсанда қоғамдық көлікте жол жүру тегін  болады.