24 Қараша, 2016

ЕҚДБ Өскеменге 37,7 млрд теңге бөледі

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуропалық қайта құру және даму банкі Өскемен қаласының жылумен жабдықтау жүйесін жаңғыртуға 5 млрд теңге бөледі, деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов Еуропалық қайта құру және даму банкі және концессиялық келісімдер арқылы іске асырылуы болжанатын инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес барысында. 2015-2016 жылдар аралығында Еуропалық қайта құру және даму банкімен 15,4 млрд теңгеге үш жобаны қаржыландыру туралы кредиттік шарттарға қол қойылды. Семей қаласының сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңғырту жоспарланып отыр. Осы жобаларды қаржыландыру және іске асыру 2017 жылы басталады. Сонымен бірге, 2016 жылы ЕҚДБ-мен 22,3 млрд теңге сомасына 5 алдын ала келісім жасалған. Осыған байланысты, 5 млрд теңгеге Өскемен қаласының жылумен жабдықтау жүйесін, 4,8 млрд теңгеге Өскемен қаласының көше жарықтандыру жүйелерін, сондай-ақ 5,1 млрд теңге сомасына Өскемен қаласының автобус парктерін жаңарту бойынша жұмыстар басталды. ЕҚДБ-мен қол қойылған шарттар мен келісімдердің жалпы сомасы 8 жоба бойынша 37,7 млрд теңгені құрады.