Кеше ауыр атлектикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясындағы кеңесші қызметінен өз еркімен кеткендігін мәлімдеген болатын. Осы жөнінде Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пікірін білдірді.
«Болған жағдайды естігенде төбемізден жай түскендей болды. Мен оны мақтан тұтып келемін. Олимпиадаларда тек жеңіс тілеп жүрдім. Ол рекордтарды бірінен соң бірін жаңартты. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаммедиұлына да, маған да, министрлік қызметкерлеріне де бұл жағдай ауыр тиді», – деді ол.
Бұдан кейін вице-министр спортшының ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясындағы кеңесші қызметінен кеткендігіне қатысты пікірін білдірді.
«WADA кодексі бар. Ол бойынша допинг қолданған спортшы жарыстан шеттетіледі. Ал Илья Ильин жарыстан шеттетіліп отыр. Бірақ ол бұл шектеуді Халықаралық ауыр атлетика федерациясынан да алды. Бұдан кейін оның спорт саласында жұмыс істеуге ешқандай құқығы жоқ. ХОК-тан хат келгенге дейін Илья кеңесші қызметін атқарып келді. Ал хат келгеннен кейін бұл қызметінен де кету туралы шешім қабылдады. Оған ешкім қысым жасаған жоқ, өзінің таңдауы. Илья Ильин ер жігітке тән әрекет жасады. Ол оқығысы келеді. Болашақта бизнеспен шұғылдануы мүмкін. Оған барлығымыз қолдау білдірейік», - деді вице-министр.
Айта кетейік, ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитетінен 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды. Спортшының қанынан тыйым салынған препараттар табылған болатын.
• 24 Қараша, 2016
Илья Ильин ер жігітке тән шешім қабылдады – Мұсайбеков

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05