«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компания қызметкерлерінің бастамасымен ғарыш терминдерінің орыс-қазақ тіліндегі сөздігі құрастырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Біздің агенттікке «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің бас маманы Шолпан Малғаздарованың айтқанындай, терминологиялық сөздікті жасау жұмыстары 2006 жылы басталған. «Қазақстан ірі ғарыштық жобаларды жасауға кірісіп, ғарыш саласындағы техникалық, күрделі, арнайы терминдерді аударудың қажеттілігі туындады», – деп еске алды Ш.Малғаздарова.
Бірнеше жылдар бойы ғарыш терминінде жиі қолданылатын сөздер топтамасы жинақталып, бүгінде сөздікке ғарыш қызметінде пайдаланылатын 640 сөздер мен терминдер, аббревиатуралар мен олардың түсіндірмесі кірістірілді.
«Жақында ғана саламызға «дистанционное зондирование Земли», «система высокоточной спутниковой навигации» секілді сөз тіркестері енді және олардың ана тіліміздегі нақты аудармаларын беру керек болды, мысалы: Жерді қашықтықтан зондтау, жоғарыдәлдікті жерсеріктік навигация жүйесі», – деді сөздікті жасау бастамашысы Ш.Малғаздарова.
Статистикаға сүйенсек, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ұжымының жартылай дерлік бөлігі қазақ тілін үйрену курстарынан өтіп, сертификаттарға ие болды. Бұған қоса, курс қатысушыларының жартысынан көбі қазақ тілінде еркін сөйлейтіндер.
Әзірге 2012 жылы Мәдениет және ақпарат министрлігінің арнайы комиссиясы бекіткен ғарыш терминдерінің сөздігі электронды нұсқада қолданылуда.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ компаниясының алдағы жоспарында аталмыш зияткерлік еңбектің авторлық құқығын белгілеп, Қазақстандағы тұңғыш ғарыш терминдерінің орыс-қазақ тіліндегі сөздігін шығару бар.

Спортты дамыту дирекциясы Михаил Шайдоров жалақысына қатысты түсінік берді
Спорт • Бүгін, 21:29
Ресей Президенті 2027 жылы ЖИ арналған жоғары деңгейдегі кездесу өткізуді ұсынды
Саясат • Бүгін, 21:10
Президент: Қазақстан мемлекеттік басқаруда ақылды платформаларды сәтті енгізуде
Саясат • Бүгін, 20:43
Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер көбейді
Қоғам • Бүгін, 20:02
Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды
Саясат • Бүгін, 19:32
Ұстаздықты жүрегімен ұғынған немесе «Білім беру ісінің үздігі» Әсия Исмағұлова туралы сөз
Руханият • Бүгін, 19:30
Аграрлық салада ядролық технологияларды бейбіт мақсатта пайдалану жобасы іске асады
Шаруашылық • Бүгін, 18:45
Мұғалім – нарық сұранысындағы мамандық
Білім • Бүгін, 18:43
Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті
Саясат • Бүгін, 18:40
ЕҰУ Ресейдің жетекші университеттерімен ынтымақтастығын кеңейтеді
Университет • Бүгін, 18:11
Әл-Фараби даңғылындағы апат: Кінәлі қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады
Оқиға • Бүгін, 18:02