25 Қараша, 2016

Миллиардер ауылдастарына 200 млн еуро қалдырды

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Испаниядағы танымал сыра брендінің басшысы Антонио Фернандес атты миллиардер биыл тамыз айында дүниеден өтті. Бірақ оның қалдырған мұрасы туралы енді ғана белгілі болып отыр. Өз компаниясын ол балалары болмағандықтан, туысына қалдырса, қалған 200 миллион еуроны ауылдастарына беруді тапсырыпты. Бүгінде Испанияның Сереcалес дель Кондадо ауылында 80 адам тұрады. Олардың әрқайсысына бұл ақшаның 2 миллион 360 мың еуросы тиесілі.
Антонио 13 балалы отбасында дүниеге келіп, 14 жасынан бстап жұмыс істеген. Бұл милилардер көзі тірісінде де Испания мен Мексикада үнемі қайырымдылықпен айналысатын.