17 Қыркүйек, 2011

Қос халыққа ортақ ұлды еске алды

329 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қостанайдағы татар-башқұрт ұлт­тық-мәдени орталығының мү­ше­­­лері әсерлі кеш ұйымдастырды. Кеш небәрі 30 жасқа жетер-жетпес жасында қапияда қаза болған та­рихшы ғалым Батыржан Кенже­та­евтың туғанына 45 жыл толуына ар­налды. Батыржан Қазан универси­тетінде білім ала жүріп, ғылыммен айналысады. Беделді, тарихы мол білім ордасының аспирантурасына қалады. Кандидаттық диссертация­сын жазады. Бірақ 1996 жылы ғы­лыми еңбегін қорғайтын күн жақын қалғанда Мәскеу қаласында бір қа­ныпезердің қолынан қапыда қаза болады. Батыржан тек Қазан қаласы ғана емес, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Омбы сияқты ірі ор­та­лықтарында да көз майын тауысып, архивтерде отырып, халқымыздың өткен ғасырлардағы мәдениетін зерт­­теді. Ол қазақ даласының реформатор ханы Жәңгір туралы ма­териалдарды, оның Қазан университетімен, сол уақыттағы ірі тұл­ға­лармен байланысы туралы деректерді Қазан қаласы архивінен тау­ып, ғылыми айналысқа қосты. Ба­тыр­жан Кенжетаевтың өзі қайтыс болғаннан кейін оның ғылыми ең­бегін Қазан қаласындағы сыйлас ағасы Сағит Жақсыбаев пен досы Сергей Засыпкин «Казанские учеб­ные заведения и процесс формирования казахской интеллигенции в середине ХІХ – начала ХХ вв» атты кітап етіп шығарды. Батыржан шетте жүрсе де еліміз тәуелсіздігін қуанып қарсы алған жастың бірі еді. Ол 1991 жылы Татарстанда шашырап жүрген екі мың­дай қазақтың басын қосып, қа­зақ диаспорасының мәдени-ұлт­тық орталығын ашқан болатын. Оны «Қазақстан» деп атады. Және 1992 жылы өткен дүниежүзі қазақта­ры­ның алғашқы құрылтайына жап-жас Батыржан Татарстанның бұ­рын­ғы президенті Ментимер Шәй­ми­евпен бірге Татарстандағы қан­дастарымызды бастап келген еді. Осы кешті ұйымдастырған Қазан университеті журналистика және социология факультетінің бесінші курс студенті Ильнара Ахатова: – Қазан қаласындағы қазақ ди­ас­порасының «Қазақстан» ұлт­тық-мәдени орталығы тек қазақтардың ғана емес, Қазақстаннан барған барлық ұлт өкілдерінің бас қо­сатын орнына айналған. Солар­дың көп­ші­лігі Батыржанның көзін көрген. Ал жастар, студенттер Ба­тыр­жанды пір тұтады. Соның бірі өзіммін, – деді. Батыржан Кенжетаевтың туған жерінде оны еске түсіруге арнап тоғызқұмалақтан жарыстар өткізу дәстүрге айналып келеді. Осы кезге дейін 3 облыстық, екі республи­ка­лық турнир өтті. Батыржанның ат­ындағы мектепте спорттың осы түрінен спорт шебері де шықты. Жақында өткен республикалық турнирде Қызылорда, Ақтөбе, Қос­та­най тоғызқұмалақшылары бас қос­ты. Бұл да жақсының шарапаты. Жақсы адамның жұлдызы сөн­бейді. Батыржан да өзінің артына қалдырып кеткен аз да болса саз еңбегімен, үлгі-өнегесімен тәуелсіз елінің ұрпақтарына қызмет ете береді. Яғни, Батыржан ортамызда. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.