25 Қараша, 2016

«Smart Astana» тұрғындар қажеттілігін ескереді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елордада алдынғы қатарлы әлемдік компаниялардың қатысуымен қалалық және аграрлық технологиялар, медициналық технологиялар, энергетика және fintech орталықтары құрылады. Осы орталықтардың айналасына стартап жобаларға қолдау көрсетіледі. Осы мақсатта Астананың жеке бағдарламасы құрылды. Аталған бағыттарда жұмыс істейтін үздік инновациялық компанияларға жыл соңына дейін 30 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Әсет Исекешев Астанада ХІ Инновациялық форумда айтты. «Smart Astana» бағдарламасын іске асыру барысында қала басшылығы тұрғындардың қажеттіліктерін, атап айтқанда, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық көлік және т.б. салалардағы ақылды технологияларды назарға алатын болады. Бұл технологиялар адамдарды жайлы өмір сүру жағдайларымен қамтамасыз етеді. «Өткен аптада біз «Start Up Session» өткіздік, онда Назарбаев Университетінің қала міндеттерін шешуге бағытталған үздік жобалары таныстырылды. Біз мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп, ең жақсыларын таңдап, қалада енгізетін боламыз», - деді Астана әкімі. «Бүгінде әлем экономикасының дамуы жаһандық қалаларға байланысты, сол себепті біз Астананы Global Smart City-ге айналдырмақпыз. Жаһандық қалалар дамуының әлемдік үдерістеріне бейімделген қаланы дамытудың жаңа стратегиясы іске асырылуда», - деді Астана әкімі.