25 Қараша, 2016

Елбасы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Мемлекет басшысы Цзянси өлкесінің Фэнчэн қалалық округінде салынып жатқан электр стансасында болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Си Цзиньпинге, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.