17 Қыркүйек, 2011

Батыр рухына тағзым

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астана қаласының әкімдігі мен қалалық Тілдерді дамыту басқарма­сының ұйымдастыруымен елордада көптеген мәдени іс-шаралар өтіп келеді. Ел қорғаған батырларымыз бен халықтың рухани байлығын арттырған ақындарға орнатылған ескерткіштер жанында басқосулар өткізу дәстүрге айналды. Сондай ел бірлігін нығайтуға арналған және жастардың Отанға деген патриоттық сезімін арттыруға бағытталған мәдени шара Астана­да­ғы Бауыржан Момышұлы ескерт­кі­шінің жанында да болды. Осы басқосуға жиналған зиялы қауым өкілдері Бауыржан Момыш­ұлының ескерткішіне гүл шоқта­рын қойып, рухына тағзым етті. Алғашқы сөз кезегін алған Ха­лық Қаһарманы, генерал, Ауған со­ғысының ардагері Бақытжан Ертаев қазақ халқының даңқты баты­ры Бау­ыржан Момышұлы туралы ой­ларын ортаға салды. Экономика ғылымдарының док­то­ры, профессор Сайлау Батырша­ұлы да Баукеңнің Отанға деген сүй­іс­пеншілігі әрбір ісі мен қадамынан айқын көрінетінін тілге тиек ете келе, батырдың қиын заманның өзін­де ата-тегін дұрыс жазып, сол үшін күресіп өткен адам екенін айтты. Бұл шараны ұйымдастыруға қа­ла­дағы №53 мектептің ұжымы ат­са­лысып, оқушылар Бауыржан Мо­мышұлына арналған қазақ ақын­да­рының өлеңдерін жатқа оқып берді. «Егемен-ақпарат».