Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Гвардейск гарнизонының құралымдары мен бөлімдерін жұмыс сапарымен аралап қайтты. Оның барысында қорғаныс ведомствосының басшысы артиллеристер мен танкистердің, жеке медициналық отрядтың қызмет жағдайымен және оқ-дәрілерді жою пунктінің жұмысымен танысты.
Қорғаныс ведомствосының басшысы оқ-дәрілерді жою пунктінің жұмысына қанағаттанатынын білдірді. Мұнда ТМД елдері арасындағы ең мықты, халықаралық стандарттарға сай заманауи, автоматтандырылған жабдықтар сатып алынған. Қорғаныс министрі осындағы техникалық қызмет көрсету және жөндеу, артиллериялық оқтарды бөлшектеу, жарылғыш заттарды жою цехтарының жұмыс үдерістерімен және уақытша сақтау алаңымен танысты. Мұнда жұмыс қызып тұр. Арнайы оқытылған мамандар, негізінен запастағы әскери қызметшілер, қауіпсіздік нормаларын сақтауда. Әділбек Жақсыбеков сондай-ақ, мәдени-демалыс орталығын аралап, 900 орындық мектептің құрылыс барысымен танысты.
– Айтарлықтай маңызды өзгерістер бар, – деді Қорғаныс министрі. – Бүгін мұндағы әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршілігі үшін барлық жағдай жасалыпты, мұны бізден Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев талап етіп отыр
Жеке медициналық отрядта Әділбек Жақсыбеков 40 адамға арналған хирургиялық бөлімді аралады, мұнда медициналық қызмет тек әскери қызметшілерге ғана емес, тұрғын халыққа да көрсетіледі. Ол, сонымен қатар, бүгінде әскерлердің жауынгерлік әзірлігіне баса назар аударылатындықтан, гарнизонның техникалық жабдықталуын да көңілден тыс қалдырған жоқ,
Бүгінде Гвардейск гарнизоны бөлімдерінің біріне Жамбыл облысында тіркелген запастағы құрамнан 100-ден астам жігіт оқу-жаттығу дайындығына шақырылды. Бұл Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың жұмылдыру резервін дайындау, әскери міндетті азаматтарды үйрету жөніндегі нақты тапсырмасының жүзеге асырылуы, деп атап өтті Қорғаныс министрі.
Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері.
–––––––––––––––––––
Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.

«Turan Standard Pool» платформасы шаруаның жүгін қалай жеңілдетеді?
Форум • Бүгін, 16:44
Шымкентте газ құбырынан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35
Ақтауда мерзімді әскери қызметші қаза тапты
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:24
Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 16:15
Су тасқыны қаупі: Қостанай облысының әкімі шұғыл тапсырма берді
Аймақтар • Бүгін, 16:14
Тері өңдеу зауыттарына 10 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Шаруашылық • Бүгін, 16:12
Атырауда жүздеген адамның қызылша жұқтырғаны хабарланды
Аймақтар • Бүгін, 16:02
Автокөлік нөмірін полицей алып кетсе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 15:52
Ұлттық банк ескертеді: Төлем картасын бұғаттау арқылы жасалатын алаяқтық көбейді
Оқиға • Бүгін, 15:40
«Жұп-тақ күндер» режимі: Кей қалаларда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:30
Оқиға • Бүгін, 15:22
Астанада наурыз айында ауа райы қандай болады?
Елорда • Бүгін, 15:13
Ақмола облысында фермерлер қандай шартпен жеңілдетілген несие алады?
Шаруашылық • Бүгін, 15:00
Kaspi.kz-тегі депозит пен аударым талаптары неге күшейтілді?
Банк • Бүгін, 14:48
Атырау облысында 584 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 14:36