27 Қараша, 2016

27 қарашаға арналған ауа райы

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, тек оңтүстік-батыста күн ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет. Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, кей жерлерде 25 м/с күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында тұман, көктайғақ, Атырау облысында желдің екпіні 17-22 м/с болады. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Ақтөбе олысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-23 м/с күшейеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді деп күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.