27 Қараша, 2016

Үндістанның Гоа штаты қолма-қол ақшадан бас тартады

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
271116-india Үндістанның туристік Гоа штаты қолма-қол ақша қабылдамайтын осы елдің алғашқы штаты болмақ. Жаңа жылдан бастап барлық төлем ұялы телефон немесе банк картасы арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұл туралы штаттың бас хатшысы Раджеш Кумар Шривастава мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС ақпарат агенттігі. «Барлық транзакцияны ұялы телефон немесе сатып алушыға тиесілі банк есепшоты арқылы жүзеге асыруға болады», – деді Кумар Шривастава. Ол алдағы уақытта Гоа аймағында әмиян ұстаудың қажеті болмайтынына және ұрылардың мүлдем жоғаларына сенім артып отыр. Кез келген тауарға, тіпті балық, ет, көкөніс сатып алу үшін де ұялы телефоннан арнайы кодты теру керек. Банкоматтар әдеттегідей жұмыс істеуді жалғастыра береді. Дүкендер мен қонақ үйлерде несиелік картамен төлем жасауға болады. Штат осылайша «ақшасыз қоғамға» айналуды мақсат етіп отыр. Үндістан билігі алаяқтарға қарсы күрес мақсатында 8 қараша күні қолданыстан 500 және 1000 рупийді (2500-5000 тг) алып тастаған болатын. Гоа – 1,5 миллион халқы бар аймақ. Мұндағы тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсы.