17 Қыркүйек, 2011

Оркестрлер шеруі

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Алматы аспанын бекзат музыкаға бөледі Оңтүстік астана Қала күні қар­­саңында, яғни 14-16 қыркүйек ара­лығында  ашық аспан астында «Оркестрлер шеруі» атты музыка фестивалін өткізді. Ғылым академиясы алдын­да­ғы Ш.Уәлиханов алаңында опера жұл­­­дыздары мен бетке ұстар оркестр­­лер халықтық және клас­сикалық шығармаларды орындап, қалалық­тарға ерекше мерекені тарту етті. Фестиваль аясында алматы­лық­тар алғашқы күні ҚР мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі­нің сүйе­­мелдеуімен Ресейдің Немирович-Данченко атын­дағы музы­ка­­­­лық театрының май­тал­маны Денис Макаровтың өнерін тама­ша­ла­ды. Келесі күні кезек халық му­зы­касына тиіп, «Оты­рар сазы» ор­кес­трінің сүйе­мел­деуімен Бибігүл Төлегенова, домбыра­шы­лар дуэті, Мейір Бейнешов сынды сахна саң­лақтары сайрады. «Оркестрлер шеруі» фестива­лі­нің шымылдығын мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр жапты. Жәния Әубәкірова, Денис Макаров (Ресей), Балжан Асатур (Армения) сынды айтулы музыканттар өнерсүйер қауымды бір серпілтіп өтті. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы.
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте газ құбырынан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 16:35

Алматыда жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 15:22