Соңғы кездері қалада әр түрлі композициялық стеллалар, басқа да эстетикалық мәні бар нысандар бой көтеріп, шаһарды шырайландыра түсуде. Ақтөбе - кітап кейіпкерлеріне ескерткіш орнатылған еліміздегі бірден –бір қала. Абай даңғылы бойында Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясының кейіпкерлеріне орнатылған ескерткіш ақтөбеліктердің ең жиі бас қосатын орны болып табылады. Бұған дейін «Шератон» қонақ үйінің жанына «Домбыра» ескерткіші орнатылған-ды. Оның биіктігі небәрі 6,3 метр болатын.
Жақында бой көтерген №12 шағын аудандағы айналма жолдың бойындағы «Қызғалдақ» стелласының биіктігі 25 метр болады. Оның гүл өзегінің диаметрі 1,4 метр, жалпы фундаментінің салмағы 215,4 тонна, ал, құрастырмасы 7 тонна құрайды. Ақтөбенің басты символы «Қызғалдақ» стелласы Теуелсіздіктің 25 жылдығына арналып салынған.
Биыл бұдан басқа қалада әуенді субұрқақ және сағат сынды нысандар салынып, көшелерге көрік беріп тұр
№11 шағын аудандағы құрылысы жүріп жатқан хоккей модулі де еңселі спорт нысаны болғалы тұр. Ол келер жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі. Нысанның атауын халық арасында конкурс өткізу арқылы берілетін болады. Жалпы алғанда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 10 нысанның құрылысы жүргізілуде.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе.

Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті
Әлем • Бүгін, 18:04
35 долларлық кітаптан Альберт Эйнштейннің жазбасы табылды
Әлем • Бүгін, 18:00
Астанада жолаушылар автобусы зейнеткерді қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 17:47
Жасанды интеллект жасаған вакцина алғаш рет сынақтан өткізілді
Технология • Бүгін, 17:33
Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40