28 Қараша, 2016

Нидерланды картоннан үй салуда

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
161122140823-wikkelhouse-1-exlarge-169 Нидерландыда экологиялық таза үй салу үшін картон қолданыла бастады, деп хабарлайды CNN.  Алғаш 4 жыл бұрын Амстердамның Схипхол әуежайына осындай жолмен салынған көрме залы қазір мейрамхана қызметін атқарып отыр. Содан бері 10 үй жасалған. Оның көбі Нидерландыда, біреуі Лондонда, біреуі Германияа. 161122141929-wikkelhouse-9-exlarge-169 Бұл жоба 2012 жылы ұсынылыпты. Wikkelhouse үйлерінің әр сегментінде 24 қабат картон бар. Ол экологиялық таза желіммен жабыстырылған. Үйдің бағасы 26 мың доллардан басталады екен. 161122141605-wikkelhouse-7-exlarge-169 Жоба авторларының айтуынша, бұл үйлер қарапайым ғимараттарға қарағанда үш есе экологиялық таза. Сонымен қатар суға төзімді жабындымен қапталған. Бұл үйлерді жасаушы компания оны 15 жылға шыдайды десе, жоба авторлары жақсы күтім болса, 50 жылға дейін тұруға болады деп отыр. 161122141224-wikkelhouse-4-exlarge-169 "Болашақта барлық үй картоннан жасалады дей алмаймын. Бірақ бұл адамдарға қатып қалған қағидамен ғана өмір сүруден басқа жолдардың да бар екенін көрсете алады", дейді жоба авторлары. 161122141158-wikkelhouse-3-exlarge-169 161122141134-wikkelhouse-2-exlarge-169