28 Қараша, 2016

ҚФФ. Атқарушы комитеттің жаңа құрамы бекітілді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
football Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының XIV кезектен тыс сайлау конференциясы өтіп, жаңа президент тағайындалды. Бұдан бөлек, атқарушы комитеттің жаңа құрамы бекітілді. Осыған дейін комитетке 25 адам мүше болған еді. Бұл жолы 13 адам енді. Олар: Байшақов Сейілдә Икрамұлы, Мещеряков Николай Ильич, Әубәкіров Қаныш Қайдарұлы, Абраев Олжас Шәкенұлы, Айтқожин Азамат Серікұлы, Гарибян Рафаэль Эдуардович ,Түсіпбеков Әміржан Нұрышұлы, Қалетаев Дархан Аманұлы, Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы, Әбдубайытов Бауыржан Тойшыбекұлы, Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы,Әміреқұлов Бақберген Әуезханұлы, Утробин Игорь Владимирович. Бұрынғы құрамда болған Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Әбішев, «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы Асқар Жұмағалиев, мультимиллионер Арманжан Байтасов, «Қайрат» футбол клубы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев, «Ордабасы» командасының бас жаттықтырушысы Бақтияр Байсейітов жаңа құрамға енбей қалды.