28 Қараша, 2016

Әскери қорғаныс рейтингі шықты

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Global Firepower әлемдік әскери күштер туралы портал жариялаған әскери қорғаныс саласы рейтингінде Қазақстан 53-орында тұр. Порталдың есептеуінше, елімізде 18 миллион 157 мың 122 тұрғын болса, оның 6 миллион 440 мыңы әскерге жарамды. Жыл сайын орта есеппен 245 мың адам отан алдындағы борышын өтеуге шақырылады. Елімізде 110 мың адам белсенді әскери мамандар болса, 378 мың адам резервте тұр.
Ал, қорғаныс бюджеті 2 млрд 435 млн долларды құрайды. Айта кетейік, бұл тізімнің басында қорғаныс саласы ең үздік деп табылған 5 ел қатарында АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және Франция бар.