29 Қараша, 2016

29 қарашаға арналған ауа райы

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, алайда республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, солтүстік облыстардың кей жерлерінде күшті жел болады, деп хабарлады Қазгидромет. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл аумақтарында жел 17-22 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел күшейеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.